17-
бап. Тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-
зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де
талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке (ерлі-зайыптылық) бұзылатын
болады.
2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуін:
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
3) сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса;
4)
қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға
соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ
балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша
тіркеуші органдарда бұзылады.
3. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуді осы Кодексте
белгіленген тәртіппен тіркеуші орган жүргізеді.
2014.17.11. № 254-V ҚР
Заңымен
18-
бап жаңа редакцияда (
Достарыңызбен бөлісу: