бап. Бір-бірімен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамдардан туған баланың құқықтары мен міндеттері Осы Кодекстің
47-49- баптарында
көзделген тәртiппен әке болуы анықталған
жағдайда, баланың бiр-бiрiмен некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардан туған бала
сияқты, ата-аналары мен олардың туыстарына қатысты сондай құқықтары мен мiндеттерi
болады.
53- бап. Жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия 1. Жеке өмір, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады.
2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдар,
сондай-ақ жеке өмір туралы өзгеше түрде хабардар болған басқа да адамдар жеке және
отбасылық құпияны сақтауға міндетті.
3. Азаматтардың жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария ету
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.