Республикасының азаматтық іс жүргізу
кодексіне
сәйкес сот тәртiбiмен анықталуы
мүмкiн.
50-
бап. Баланың ата-аналары (ата-анасы) туралы туу туралы актілер жазбалары
кітабына жазу
Баланың ата-аналары (ата-анасы) туралы туу туралы актілер жазбалары кітабына жазу
осы Кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі.
51-
бап. Әке (ана) болуды даулау
1. Туу туралы актілер жазбалары кiтабына ата-аналардың жазуы баланың әкесi немесе
анасы ретiнде жазылған адамның, iс жүзiнде баланың әкесi немесе анасы болып
табылатын адамның, бала кәмелетке толған соң оның өзiнiң, баланың қорғаншысының
немесе қамқоршысының, сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған ата-ана қорғаншысының
талап етуi бойынша тек қана сот тәртiбiмен даулануы мүмкiн.
2. Баланың әкесінің өтініші бойынша немесе әке болудың күшін жою туралы сот
шешіміне сәйкес әке мен ананың бірлескен өтініші негiзiнде баланың әкесi болып
жазылған адамның талабы, егер жазу кезiнде бұл адамға өзінің іс жүзінде баланың әкесi
емес екендiгi белгілі болса, қанағаттандырылмауға тиіс.
Егер баланың тууы туралы акті жазбасында баланың анасының жұбайы немесе
бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып көрсетілсе, сот туу туралы актілер жазбасынан
баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы мәселені шешкенге дейін тіркеуші
орган әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуден жазбаша түрде бас тартуға тиіс.
3.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосалқы
репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға жазбаша түрде келiсiм берген
адамдардың әке (ана) болуды даулау кезiнде осы мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы
жоқ.
Басқа әйелге эмбрионды ауыстырып салуға келiсiм берген адамдардың, сондай-ақ
суррогат ананың ана және әке болуды даулау кезiнде осы мән-жайларға сiлтеме жасауға
құқығы жоқ.
52-
Достарыңызбен бөлісу: