«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі



Pdf көрінісі
бет73/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   295
Байланысты:
Неке

Азаматтық кодексімен
 
айқындалады. Ерлi-
зайыптылардың өздерінің кәмелетке толмаған баласы келтiрген зиянды өтеуi кезiнде осы 
баптың 2-тармағына сәйкес олардың мүлкiнен өндiрiп алыну жүргізіледі.
45-
бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезіндегі кредит берушілердің 
құқықтарына кепілдік
Борышкер жұбайдың кредит берушiсi (кредит берушiлерi) Қазақстан Республикасы 
Азаматтық кодексiнiң
 
нормаларына сәйкес, өзгерген мән-жайларға байланысты ерлi-
зайыптылар арасында жасалған неке шартының талаптарын өзгертудi немесе оны бұзуды 
талап етуге құқылы. 
3-
БӨЛІМ. ОТБАСЫ
 
8-
тарау. БАЛАНЫҢ ТУУ ТЕГІН АНЫҚТАУ
46-
бап. Ата-аналардың және баланың құқықтары мен міндеттерінің туындауы 
үшін негіздер
1. Бала туғаннан кейін бірден тіркеледі және туылған кезінен бастап атын алуға және 
азаматтық алуға құқығы, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай, өз ата-аналарын білуге құқығы 
және олардың қамқорлығына құқығы болады.
2. Ата-аналардың және баланың құқықтары мен міндеттері баланың Қазақстан 
Республикасының заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді. 
3. Бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың құқықтары мен міндеттері 
асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешіміне негізделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет