«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі



Pdf көрінісі
бет70/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   295
Байланысты:
Неке

41-
бап. Неке шартының мазмұны
1. Ерлi-зайыптылар неке шартымен Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгiленген бiрлескен ортақ меншiк режимiн өзгертуге, ерлi-зайыптылардың барлық 
мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне 
бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге құқылы. 
Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкіне 
де қатысты жасалуы мүмкiн. 
Неке шартында ерлi-зайыптылар өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен 
мiндеттерiн, бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсілдерін, өздерінің әрқайсысының 
отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға; неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған 
жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға, сондай-ақ неке 
шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген 
ережелердi, сондай-ақ осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған 
балалардың мүліктік жағдайын енгізуге құқылы.
2. Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер белгiлi бiр мерзiмдермен 
шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы 
мүмкiн.
3. Неке шарты ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлігін немесе әрекетке қабiлетiн, 
олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды; ерлi-
зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға 
қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж 
жұбайдың күтіп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелерді және Қазақстан 
Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да 
жағдайларды көздей алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет