бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестерді айқындау 1. Егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ
мүлкiн бөлу және осы мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде ерлi- зайыптылардың
әрқайсысының үлесi тең деп танылады.
2. Егер жұбайлардың бiреуi дәлелсiз себептермен табыс таппаса немесе ерлi-
зайыптылардың ортақ мүлкiн екінші жұбайдың келісімінсіз отбасының мүдделерiне
нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге ала
отырып және (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге ала отырып, ерлi-
зайыптылардың ортақ мүлкiндегi олардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде ерлi-зайыптылардың ортақ
борыштары олардың арасында өздерiне берiлген үлеске барабар түрде бөлiнедi.