«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік



Pdf көрінісі
бет65/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   295
Байланысты:
Неке

бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік 
ету
1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-
зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. 
2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде ерлi- зайыптылардың бiреуi 
мәмiле жасасқан кезде екiншi жұбайының келiсiмi қажет болады. Екінші жұбайдың тек 
қана оның талап етуі бойынша оның келісімі болмаған себептері бойынша және егер басқа 
тарап осы мәмiленi жасасуға екінші жұбайдың келiспеуі туралы бiлгендiгi немесе көрінеу 
бiлуге тиiс болғандығы дәлелденген жағдайларда ғана сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнің 
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билік ету жөнiнде жасасқан мәмiлені жарамсыз деп 
тануы мүмкiн.
3. Ерлi-зайыптылардың бiреуi жылжымайтын мүлікке иелік ету жөнінде мәміле және 
нотариатта куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді қажет ететiн 
мәмiле жасасуы үшiн екінші жұбайдың нотариатта куәландырылған келiсiмiн алу қажет.
Аталған мәмiлені жасасуға нотариатта куәландырылған келiсiмi алынбаған жұбай осы 
мәмiленiң жасалғандығы туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш 
жыл iшiнде мәмiленi сот тәртiбiмен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет