1. Егер некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезіне неке
қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі
келтірген мән-жайлар жойылса,
сот осы кезден
бастап некені (ерлі-зайыптылықты) жарамды деп тануға құқылы.
2. Сот неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен қиылған некені (ерлі-
зайыптылықты), егер мұны кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ
некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға оның келісімі болмаған кезде жарамсыз
деп тану туралы талап-арыздан бас тартуы мүмкін.
3. Егер мұндай некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін
іс жүзінде отбасын құрса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жалған деп тани алмайды.
4. Ерлі-зайыптылардың арасында жақын туыстық болған не некені (ерлі-
зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған
некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) жағдайларды қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылық) ол
бұзылғаннан кейін жарамсыз деп таныла алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: