3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-
зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да
мәселелерін бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек
негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының
денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға
міндетті.
31-
бап. Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы
1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ
тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң
некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн
қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi
қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда,
азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.
2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн міндетті түрде
өзгертуiне әкеп соқпайды.
3. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлі-
зайыпты болу) кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін
қалпына келтiруге құқылы.
7-
тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: