28- бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп танудың салдары 1. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, сот
жарамсыз деп таныған неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың осы Кодексте
көзделген құқықтары мен міндеттерін туғызбайды.
2. Некесі (ерлі-зайыптылығы) жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған
мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің
нормаларымен реттеледі. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты
жарамсыз деп танылады.
3. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану мұндай некеден (ерлі-
зайыптылықтан) туған немесе неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған күннен
бастап екі жүз сексен күн ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді.
4. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы шешім шығарылған кезде
сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылған мән-
жайлар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде өзіне белгілі болмаған жұбайдың (адал
ниетті жұбайдың) екінші жұбайдан осы Кодекстің