«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- бап. Неке шартын өзгерту және бұзу



Pdf көрінісі
бет71/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   295
Байланысты:
Неке

42-
бап. Неке шартын өзгерту және бұзу
1. Неке шарты ерлi-зайыптылардың келiсiмі бойынша кез келген уақытта өзгертiлуi 
немесе бұзылуы мүмкiн. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келiсiм неке 
шартының өзi сияқты нысанда жасалады. 
Қазақстан Республикасының 
Азаматтық кодексінде
 
көзделген жағдайларды 
қоспағанда, неке шартын орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi. 
2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шарты Қазақстан 
Республикасының Азаматтық кодексiнде шартты өзгерту және бұзу үшiн белгiленген 
негiздер мен тәртiп бойынша соттың шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. 
3. Неке шартында неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылғаннан кейiнгi кезеңге көзделген 
мiндеттемелерді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке (ерлі-зайыптылық) 
тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады. 
43-
бап. Неке шартын жарамсыз деп тану
1 Неке шартын сот Қазақстан Республикасының 
Азаматтық кодексiнде
 
көзделген 
мәмiлелер жарамсыздығының негiздері бойынша толық немесе iшiнара жарамсыз деп 
тануы мүмкiн. 
2. Егер шарттың талаптары ерлi-зайыптылардың бiреуiн өте қолайсыз жағдайда 
қалдырса немесе осы некедеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған 
балалардың мүліктік құқықтарын бұзса, сот ерлi-зайыптылардың осы бiреуiнiң талап етуi 


бойынша неке шартын толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы да мүмкiн. Осы 
Кодекстің 
41-
бабы 3-тармағының
 
талаптарын бұзатын неке шартының талаптары 
жарамсыз деп танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет