Орындаған : Қалматова Жасмина
АЖиОЗ 1-курсс
28-бап. Ерлi зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерiнiң туындауы Ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында некеге тұру мемлекеттiк тiркелген күннен бастап туындайды.
29-бап. Ерлi-зайыптылардың отбасындағы теңдiгi 1. Ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең мiндеттер атқарады.
2. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсiп түрiн, тұрғылықты жердi таңдауда ерiктi.
3. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға бiлiм беру мәселелерi мен отбасы өмiрiнiң басқа да мәселелерiн ерлi-зайыптылар бiрлесiп шешедi.
4. Ерлi-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негiзiнде құруға, отбасының игiлiгi мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсiп-жетiлуiне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға мiндеттi.