31-бап. Ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi ұғымы 1. Егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң режимi олардың мүлкiнiң заңды режимi болып табылады.
2. Ерлi-зайыптылардың шаруа (фермерлiк) қожалығы мүшелерiнiң бiрлескен меншiгi болып табылатын мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 224 және 225-баптарымен белгiленедi.
32-бап. Ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгi 1. Ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.
3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiкке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке кiрiсi болмаған жұбайға да тиесiлi.