28-бап. Ерлi зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерiнiң туындауы


Некеге тұруға қандай азаматтарға шектеу қойылады?



бет5/6
Дата08.02.2022
өлшемі26,01 Kb.
#122002
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
GOSO2

2.Некеге тұруға қандай азаматтарға шектеу қойылады?
Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес, заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заң, 10-бап).
3.Ата-анасының балаларына алимент төлеу міндеттері мен балаларының ата-анасына алимент төлеу міндеттерінің ерекшеліктері неде?
Алименты – «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексіне» сәйкес, бір адамның басқа оны алуға құқығы бар адамға ұсынуы міндетті ақшалай немесе мaтериалдық асырау. Алименттердің неғұрлым таралған жағдайы – баланы асырауға төленетін төлемдер, алайда алименттер балалардың анасына және өздерін асырай алмайтын зайыбына және ата-анасына төленуі мүмкін.
Баланы асырау – ата-анасының заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес.
Қамқорлықта, қорғаншылықта немесе патронаттық тәрбиеде болатын балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы. Кодекстің 6-бабына сәйкес, балаға алимент ретінде тиісті сома баланың ата-анасына немесе басқа заңды өкілдеріне түседі және баланы асырауға, біліміне және тәрбиесіне шығындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет