отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік
отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу
балаларды отбаснда тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау
отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру
отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері
отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді
3. Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында
қиылған неке ғана танылады.
4. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік,
нәсілдік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың
құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.
Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтары және заңды мндделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.
Неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар Неке-отбасы заңдары:
некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді
отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді