Егер аурудың соңы сәтті аяқталса, дерт процесі тоқтап, бастапқы өлі еттенген телімдер бітіп, жануар жазылады.
Б.К.Бияшевтың мәліметінше, дертену басталғанда тері қызарып, домбығады.
Кейіннен сыздануы тежеліп, іріңдеген флегмонаға айналады да, маңайындағы ұлпа өліеттенеді. Мұндай ұлпаны тілгенде іріңдеген жасыл-сұр немесе қоңырқай түсті өліеттенген масса көзге түседі.
Тері мен дәнекер ұлпаның өліеттенуі буынның қабы мен тарамыстарға жетіп, шеміршек пен сүйек зақымданады.
Сүйек жұмсарып, пішінін өзгертіп, саусақ бунақтары (фалангалары) сирақтан ажырап, түсіп қалады. Аузында некроз процесі бар өлексе өте азып, аузы көбікті сілекейге толы болады. Тілі, ұрты, жұтқыншағы ойдым-ойдым болып қабыршақтанып, ұлпаларының құрылымы бұзылып, ыдырап, іріміктенген иісі жағымсыз массаға айналады.
Ауру асқынғанда дерт тілдің тереңгі қабаттарына шауып, өліеттеніп ойылады, таңдай сүйегі мен көмекей шеміршегі некрозға ұшырайды. Өліеттену кей жағдайда өкпеге, көкірек қуысына шабады.
Көкеттің беткі қабатында іріңді фибрин байқалады. Өкпенің көкірек қабырғасына жабысып қалуы мүмкін, ал өкпенің өзінде шектелген, өліеттенген ошақтар кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |