Некробактериоз Орындаған: вм – 33 топ студенті Ермекова М. Б


Тарихи деректер Тарихи деректер



бет4/8
Дата23.05.2020
өлшемі1,15 Mb.
#70743
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ермекова Маржан ПА

Тарихи деректер

Тарихи деректер

Бұл ауру барлық жерде тараған және жұқпалы екені мәлім болған; ХIХ ғ. 60-шы жылдары Франция мен Италияда қойдың «тұяқ ауруы» ретінде сипатталған. Кейіннен клиникалық белгілері бойынша шірік тұяқ, некрозды немесе дифтериялық стоматит деп аталды. Қоздырушысын бірінші рет Р. Кох(1881 ж) бөліп алды да, толық сипаттамасын Лефлер (1888 ж)берді. 1932 ж А.Г. Ревнивых солтүстік бұғысының «тұяқ ауруын» зерттеу нәтижесінде некроз таяқшасының этиологиялық маңызын түпкілікті дәлелдеді.

Сарыппен барлық үй жануарлары, көптеген жабайы жануарлар ауырады. Бұл ауруға әсіресе солтүстік бұғысы, қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, үй қояны, құстардан тауық бейім болып келеді.

Патогенезі

Патогенезі

Қоздырушысы (Bact. necrophorum) негізінен жарақаттанған немесе қабынған тері, болмаса кілегейлі қабықтар арқылы жұғады. Қоздырушы енген жерінде қолайлы жағдай болғанда ғана өсіп өнеді. Ұлпаның жарақаттануы нәтижесінде оған оттегінің келуі қиындайды, қан тамырлары жарылып, гематома, тромб, флегмона пайда болады, ұлпалар өліеттенеді, яғни ауасыбағасыз микроб үшін қолайлы жағдай туады. Бастапқыда бактерия түскен ұлпа шағын ғана ошақ болып ойылады да, кейіннен айналасы қабына бастайды, қан тамырлары зақымданып, фибрин ұйып, көп мөлшерде белокты заттар бөлінеді, тромб пайда болып, нәтижесінде бұлшық ет, тарамыс, сіңір, шеміршектер мен саусақ сүйектері өліеттенеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет