Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизм буддизмнен басым болды?
Сабақтың мақсаты:
5.1.2.3 қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін «касталық жүйе» ұғымын қолдану;
5.2.1.3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау
Б.з.д. VI–II ғасырларда үнділер брахманизм дінін ұстанды. Басты құдайларын Брахма, Шива және Вишну деп атады.
Брахма – бүкіл әлем мен тәртіпті жаратушы.
Шива – табиғаттың қиратушы күштерінің иесі
Вишну – адамзат өмірін жаратушы және оны қорғаушы
Брахманизмнің дамуы индуизмнің қалыптасуына негіз болды. Индуизмде бұрынғы құдайлар сақталды, бірақ индуизм жанның бір денеден екіншісіне көшуі – реинкарнацияны мойындайды.
Үнділіктер дүниетанымында адамның жаны жануарларға немесе жануарлардың жаны адамға таралады деп сенді
Адамның келесі өмірде кімге айналуы оның қазіргі өмірдегі іс-әрекетіне байланысты. Бұл заң карма деп аталады. Индуизм дінін ұстанушылар сиыр, жылан сияқты қасиетті жануарларға табынған және Ганг өзенін қасиетті деп санаған.
Үндістанда жасалған жылан мен адам мүсіні
Үндістанда қазіргі таңның өзінде де сиырға табынып құрметтейді
КАСТАЛЫҚ ЖҮЙЕ
Брахма адамдарды топтарға бөлді. Мұндай топтарды каста деп атайды. Әрбір кастаны ол өзінің дене мүшесінен жаратты. Барлық адамдар тумысынан өзінің ата-бабасының кастасына жатқызылатын. Бір кастадан екінші кастаға ауысуға тыйым салынды. Үнділердің касталарға бөлінуі теңсіздіктің шығуына алып келді.
Касталар жүйесі
Брахмандар
Дінді уағыздаушылар, абыздар, қасиетті кітапты оқып үйретушілер.