Тіпті менімен ешқайсысы жөндеп сөйлескен де жоқ. Бəрі асығыс. Бəрі
шаруа басты.
Мүмкін, олар менің туған күнімді білмейтін шығар. Өмірі оны өзім
де тойлаған емеспін ғой. Əйтсе де, мүлдем бөтен адамның өзіңе
қамқорлық жасап жүргенін сезінудің өзі жақсы екен. Бұл өзі маған бұрын
таныс емес сезім еді. Егер қаласа, ықылас қойса, адамдар бір- біріне
қанша көп қуаныш сезімін сыйлай алады, ə! Ол үшін көп нəрсенің де
керегі жоқ екен ғой өзі. Небəрі кішкене құнт-ықылас болса жетіп жатыр.
Бірақ кейде соның өзін де, бір-екі ауыз жылы сөзді де қимай, сұмдық
сараңдық жасап жібереміз-ау. Көбіне құнттамаймыз ғой. Мен өзімше
ескеріп, ешкімді туған күнімен арнайы барып қолын қысқан емеспін.
Басқа біреулер құттықтап жатса, қосыла салам. Мұным дұрыс емес екен
ғой деп ойладым.
Сол сəтте тағы да сен есіме түстің, Мейіркүл.
Раушанның орнына
сен неге гүл
алып келмедің екен, ə? Əлде
саған өзім баруым керек пе
еді? Осы қыз, жігіт деп бөліп жатудың керегі не?
Мына Раушан сияқты
киіп кету керек қой.
Ішімнен қанша жек көріп жүрсем де, нақ сол сəтте Раушанға бір
түрлі ішім жылып сала берді. Бота көздері жəудіреп, тойған қозыдай моп-
момакан ғана отырған осы бір қызға тұңғыш рет ұзақ көз тоқтатып,
елжірей карадым. Тап казір оның шашынан сипап, маңдайынан сүйгім
кеп кетті. Бірақ алқымға кеп қалған сезімді жайбарақат бұғып жатқан
ақылға жеңгіздім. Қуанғанымды да, ризалығымды да білдірмеуге
тырыстым. Бар болғаны:
Достарыңызбен бөлісу: