негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Қолөнершінің семьясында, Кенигсберг қаласында туылған. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу». Канта философиясы трансцендентальды идеализм деген атау алды.
Философиялық шығармашылығы екі кезеңнен тұрды:
1. «Сыни кезеңге дейінгі кезең» (1746-1770). Қарастырған мәселесі болмыс, табиғаи, жаратылыстану мәселелері болды. Ол даму проблемасында табиғаттың дамуына көңіл бөлген алғашқы философ болды. Бұл кезеңдегі шығармасы «Жалпы тарих және аспан теориясы», кант онда өзінің космологиялық теориясын түсіндірді. Күн жүйесінің пайда болуы туралы болжам жасады (әлемнің пайда болу ының анологиясын қарастырды) бұл теория кейін Кант-Лаплас теориясы деп аталды.
2. «Сыни кезең» (1770-1797)(агностицизм и априоризм). Осы кезде өзінің негізгі еңбектерін жазды, олар «Таза ақылға сын» (таным теориясының сұрақтары), «Практикалық ақылға сын» (этикалық мәселелер), «Пайым мүмкіндіктеріне сын» (эстетика және табиғатағы мақсатылық байланыстар туралы ілімі жүйеленді).
«Таза ақылға сын» еңбегінде таным теориясы қарастырылып жаң замандағы эмпиризм мен рационализмнің тар өрісін өзара біріктіруге тырысты. Ол танымды үшке бөлді: сезімдік, пайым, зерде (рационалистік).
Таным теориясында – агностик болды, танымның қоршаған шынайылықты толығымен тану мүмкіндігін жоққа шығарды.
Кант таным теориясында барлық білімдер 2-ге бөлінеді: 1) тәжірбиелік білімдер апострорий; 2) тәжірбиеге дейінгі білім – априорий.
Адам ақылы өзінің таным құралдарымен өз мүмкіндіктерінен шығуға тырысқанда, ол шешілмейтін қайшылықтарға тап болады, ол антиномиялар – ақылдағы пайымның бір-бірін өзара терістеуі. Ақыл көмегімен логикалық дәлелдеуге болады, бір мезгілде екі қарама-қайшы логикалық дәлел болуы мүмкін, сөйтіп антиномиялық жағдай туындайды. Антиномияға Кант төрт мысал (құдайдың бар немесе жоқ екендігі, дүниенің шекті немесе шексіз екендігі,) келтірді, оның әрқайсысында тезис және антитезис бар. кант бойынша, антиномиялардың болуы – ақылдың таным мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін дәлелдейді.
И.Кант «Практикалық ақылға сын» еңбегінде мен не істеуім керек деген сұраққа жауап іздеп, этикалық мәселелерін қарастырады. Яғни, адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін қарастырды. Кант теоретикалық ақылдан, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық ақылға өтті.
Практикалық ақыл деп аталуының себебі, оның функциясы – адамның өзін-өзі алып жүруін басшылыққа алды, яғни адамгершілік әрекеттерінің принциптерін жасады. Мораль, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті ешбір сыртқы жағдайға тәуелді болмауы керек, адам адамгершілік, парасатты жан, сондықтан ол адамгершілік заңдарына сүйенуі керек. Бұл заңда Кант адамгершілік категорияларды императиві деп атады және ол былай анықталды: адамның өзіндік еркі мен мінез-құлқы, іс-әрекеті, әрқашан жалпы заңдардың принципне бағынып, соның негіінде жасалуы қажет.
Кант әруақытта «Аспандағы жұлдыздар мен бздегі адамгершілік заңдарынан керемет ешнәрсе жоқ» дегенді қайталап отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |