Көмірсуларалмасуы – тірі организмдерде жүретін көмірсулардың қорытылу, ыдырау, сіңірілу, сондай-ақ, олардың басқа қарапайым заттардан биологиялық түзілу процестерінің жиынтығы.
1 сатысы - көмірсулардың корытылуы. Ауыз қуысында сілекей альфа-амилазасының әсерінен крахмал мен тағам гликогенінің қорытылуы жүреді. Фермент крахмалдғы альфа-1,4-гликозидтк байланысты үзеді, бірақ фермент қысқа уақытта әсер ететіндіктен, крахмал толық ыдырамайды.
Асқазанда қышқылдық ортада сілекей альфа-амилазасының әcepi тоқтағанымен, ас туйіріне асқазандағы қышқыл толық сіңіп болғанша қорытылу жүре береді. Асқазан сөлінің рН-ы сілекей a-амилазасының оптимальды рН-ына сәйкес келмегендіктен, фермент ингибирленеді. Асқазан сөлінде гликозидазалар болмайды.
Ішекте pH 8,0-9,0 болғандықтан, сілекей альфа-амилазасы қайтадан активтенеді. Ішекке тағы ұйқы безінің альфа-амилазасы түседі. Осы 2 ферменттің әсерінен крахмал мен гликоген мальтозага дейін ыдырайды. Ішектің жасушалары түзетін мальтазаның әсерінен мальтоза глюкозаның 2 молекуласына дейін ыдырайды. Ішекте сонымен қатар ішек сөлі лактазасының әсерінен лактоза галактоза мен глюкозаға дейін ыдырайды. Ішек сөлінің сахаразасы әсерінен сахароза фруктоза мен глюкозаға ыдырайды.
Нуклеин қышқылдарының қорытылуы нәтижесінде пентозалар түзіледі. Сонымен, тағамдағы барлық көмірсулар гексозаларға дейін қорытылады.
Моносахаридтердің сіңірілуі 2 сатысы - көмірсулардың гидролиз өнімдерінің сіңірілуі. Моносахаридтер ащы ішек эпителинің микробүрлері арқылы әр түpлi жылдамдықпен сіңіріледі. Алдымен галактоза, содан кейін глюкоза, фруктоза және пентозалар сіңіріледі. Сіңірілу жылдамдығының айырмашылығы сіңірілу типіне байланысты. Галактоза, глюкоза екіншілік активті транспорт жолымен сіңіріледі. Фосфорланған туындылар (галактозо-6- фосфат, глюкозо-6-фосфат) ішек жасушаларында қайтадан дефосфорланып, қақпа венасының қанына бос күйінде түседі. Фруктоза мен пентозалар жай диффузия жолымен (пассивті) сіңіріледі. Сонымен, қақпа венасының қанында әр түpлi моносахаридтер болады, олардың сапасы мен түрі қабылдаған тағамға байланысты. Моносахаридтер бауырдың паренхималық жасушаларына тез сіңіріліп, осы жерде барлығы дерліктей глюкозага айналады. Сонда үлкен қан айналымына түсетін бірден бip моносахарид глюкоза болып табылады.