Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет8/72
Дата08.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#190087
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)

ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Реакция арнайлылығына қарай ферменттер 6 топқа бөлінеді:

  1. Оксидоредуктазалар – тотығу – тотықсыздану реакцияларын тездетеді.

  2. Трансферазалар – атомдар тобын бір заттан екінші затқа тасымалдайды.

  3. Лиазалар – күрделі заттарды судың қатысуынсыз ыдыратады.

  4. Лигазалар – АТФ энергиясын пайдаланып синтездеу реакцияларына қатысады.

  5. Гидролазалар – судың қатысуымен күрделі заттарды ыдыратады.

  6. Изомеразалар - изомерлену реакцияларын тездетеді.

ГИДРОЛАЗАЛАР тобында көмірсу, белок, липидтерді ыдырататын ферменттер 9 топшаға бөлінеді. Оның маңызды 3 түрі бар.
1 топша – эстеразалар – күрделі эфирлік байланысты гидролиздейді.
2 топша – гликозидазалар – гликозидтік байланысты гидролиздейді.
3 топша – пептидазалар – пептидтік байланысты гидролиздейді.
Гидролазалардың көбісі басында активсіз күйде болады да, одан кейін асқазан-ішек жолына түсіп активтенеді. Олар асқазан-ішек сөлдерде, жасушада – лизасомада кездеседі.
Эстеразалар – ТАГ-нің күрделі эфирлері байланыстарын гидролиздейді. Эстеразалардың өзі 6 топшаға бөлінеді: липазалар, фосфолипаза А1 А2 С Д, холестеролэстеразалар, фосфодиэстераза, АТФ-аза, глюкозо-6-фосфотаза.
Гликозидазалар – гликолиздік байланыстарды үзеді. Жасушаларда, тамақ қорытатын сөлдерде кездеседі, бірақ асқазан сөлінде кездеспейді. Оның 5 өкілі бар:

  1. Альфа-амилаза – крахмал мен гликогенді мальтозаға дейін ыдыратады.

  2. Гамма-амилаза – гликогенді глюкозаға дейін ыдыратады.

  3. Мальтаза – мальтозаны 2 молекула глюкозаға дейін ыдыратады.

  4. Сахараза – сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады.

  5. Лактаза – лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады.

Пептидазалар – белоктарды гидролиздейді. Оның 2 топшасы бар: эндопептидазалар мен экзопептидазалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет