Шағын және орта бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Шағын және орта бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамыту ол – кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды.
Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта бизнесті қаржыландыруға асықпайды. Республикамызда шағын кәсіпкерлікті тиімді қаржыландыру үшін қажетті ресурстарға деген үлкен тапшылық орын алып тұр. Мұндай қаржы бойынша шешімін таппай тұрған мәселелерге:

Несиелер берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Несиенің жеделділігі оны қайтару, өтеу мерзімдерімен анықталады. Осылай қысқа мерзімді несиелер бір жылдан аспайтын мерзімге, ал ұзақ мерзімді - бір жылдан асатын мерзімге беріледі.
Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы қызметі процесінде жетіспейтін ақша қаражаттарының қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақытқа кәсіпорын күрделі шығындарына несие ала алады. Бұл жағдайда несие оның дамуына, өндірісті кеңейтуге, оны қалпына келтіруге, жаңа техниканы ендіруге, қымбат жабдықтарды алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға бағытталған кәсіпорынның қарыз қаражаттары ресурстарының көздері ретінде жұмсалады.