Неткен көркем дүниелер!



Дата14.03.2023
өлшемі17,82 Kb.
#172346
Байланысты:
КөРініс


Сахнада музыка ойнап тұрады, екі батыр шайқас өнер көрсетіп жатады. Олар шығып кете салысымен, кіші ханым қуаныштан бал-бұл жанып, бөлмеде әрлі-берлі теңселіп жүреді, қолында асыл тастар салынған қобдиша бар. Әмірші жіберген сыйлықтарды мойнына тағып:

  • Неткен көркем дүниелер! (Сыңғырлап күледі) Әлемнің жауһарын сыйлаған Әміршіме қандай сыйлық әзірлесем екен?! Аппақ гүлді кеудесіне басып:

  • Әлде... әлде жүрегімдегі махаббатымның жердегі сұлу мұнарасын салдырсам ба?! Иә, солай етсем

  • Бас уәзірді шақырыңдар!


Басын иіп тағзым етіп, уәзір келеді.

  • Шақыртыпсыз, ханымым?

Кіші ханым:

  • Әміршім жорықтан келер шақ таяу, бас уәзір. Мен аппақ махаббатымның белгісіндей бір сыйлық жасағым келеді әміршіме. Әміршімнің шаһарына әр беріп тұратын, Қос өзенге сән беріп тұрар тамаша мұнара соқтырсам ба деп отырмын.

Бас уәзір:

  • Айтқаныз болады, ханымым!

Кіші ханым:

  • Ол мұнараны соғатын шебер менің жүрегімдегі арманымды дөп басуы шарт. Сондай шеберлерді тапсақ...

Бас уәзір:

  • Әрине, шеберді табамыз.

(екеуі сахнадан шығып кетеді. Сарт-сұрт соғылған шеберхана, балға дыбысы келіп тұрады. Жаппар мен бас ұста кезекті құрылыс басында отырған.)
Бас ұста:

  • Жаппар, таста қолыңдағыны, кеттік сарайға, бас уәзір шақыртып жатыр.

(Жаппар қолындағы кірпіштерін тастап, екеуі сахнадан шығып кетеді. Бас уәзірдің ақ сарайына келеді. )
Бас уәзір тағзым етіп кірген екі ұстаға ұзақ қарап тұрып:

  • Неге шақыртқанымды айтып па едің?

Бас шебер:

  • Жоқ, тақсыр!

Бас уәзір:

  • Ендеше, Жаппар ұста, кіші ханым жорықтағы Әмірші елге оралғанда көз қуансын деп мұнара тұрғызбақшы. Соны сізге салдырмақпыз,- деп тостағандай көзін бір төңкеріп қояды. Уәзірдің өткір жанарынан сескенген Жаппар именшектей береді.

  • Ұқтыңыз ғой!

Жаппар ұста:

  • Ұқтым, тақсыр.

Уәзір:

  • Ендеше, уақыт тығыз, құрылысты бастау керек.

Қос ұста:

  • Ұқтық, ұқтық, құп болады, тақсыр!-деп шығып кетеді.

Автор сөзі:

  • Қайда барса да жердің босаң топырағына кез болған Жаппар ұста бір ай мұнара қазығын қағар орынды іздеді. (Сахнада сандалып арлі-бері жүреді, қазық қағып көреді). Іздеп жүріп, тым бір қиын бұру шет те, бықынажай орталық та емес, жан-жағы ашық, кіші ханым тұратын бақтың түстік жағына қазық қақты. Әуелі қырық құл күректері жарқылдап жер қазды, артынша қара жерді қақ жарып шығып келе жатқан тас бәйтерек ел көзіне де түсе бастады. Кірпіштен-кірпішке биіктеп, көкке өрмелеп бара жатқан шеберді, мұнараны қызықтаушы тобыр да көбейді.

Мұнараны тамашалауға кіші ханым да келеді.
(Жаппар ханымды көрген сәттен бастап, жүрегіне ғашықтық оты түседі. )
Әуелде көрінгенді елес екен деп тұрған Жаппар, қолын оқыс созып қалғанын байқамай қалады. Сұлу кіші ханым артқа қарай шегіншектеп кетеді, сол кезде бетпердесі сырғып, жүзі ашылып қалады. Жаппар кілт тоқтап, сілейіп қатып қалады. Сұлу етегін жымқыра көтеріп, аяғын еппен басып, ұзап кетеді.
Жаппар: Апыр-ау, апыр-ау, мынау таныс бейне ғой. Әлгі бір бал-бұл жанған шие еріндерді, нұр жайнаған мынау қос жанарды қайдан көріп едім? Кім еді бұл? Тіпті жүрісі де көзіме оттай басыла кеткені несі?! Бұл таныс қой! Құдай-ау, мынау мынау Зуһра емес пе?! Ахмет байдың қызы, өзім әр сәт көрсем деген арманыма айналған Зуһрам ба!!! Әлде соған ұқсайтын басқа ма?! ( қалың ойға шомып кетеді)
Бас шебер:

  • Жаппар неге ойға батып отырсың?

Жаппар:

  • Ұстам, жүрегіме дерт түсті.

Бас шебер:

  • Қандай дерт?

Жаппар:

  • Мен ғашық болып қалғандаймын. Иә,иә, шын ғашық болғандаймын.

Бас шебер:

  • Ол жақсылық қой!

Жаппар:
Жақсылық па,ұқпадым жамандық па?
Жүрегіме дерт түсті ынтық, соқпа.
Бар арманым тәкаппар кіші ханым,
Бұрса деймін жанарын біздің жаққа.

Көкті ғана көретін тәкаппар көз,


Мойнын бұрмай өтеді, не деген көр?!
Жалындатып барады сарғайтты жүз,
Ғашықтығым бола ма басыма сор?!

Жо-жоқ!
Бұрғызамын жанарын оттай қарып,


Бұл мұнара тұрады көкті аймалап.
Көкпен күмбез кигізем төбесіне,
Жұмбақ күйге енгізем көп таңғалып.

Мына Байтақ шаһарға еш бітпеген,


Жасап шығам ғажапты жұрт күтпеген.
Қырық нөкер мақтаса суы құрып,
Көрем сонда сұлуды көз тікпеген?!

Әкел маған, табыңдар дерменені,


Қаңбақты өрте, күлін ал көмбедегі.
Ніл бояумен әрлеймін жан білмейтін,
Сонда көрем сұлуды кермедегі.

Автор:


  • Мұнараның қалған жерін көп ұзатпай қалап бітіргісі келген Жаппар ұста көңіліне аяқ астында ұялай қалған арманын жүзеге асыруға тезірек кірісіп кеткісі келді. Енді кідірсе, көз алдына, мынау мөп-мөлдір, тұп-тұнық көк ніл ауаға ойда жоқта орнай қойған әлгі бір ғажайып суреттен біржола ажырап қалатындай, жұтына кірісті.



  • Шіркін, ғажап сыр бар-ау ғашықтықта,

Бар сұлулық байлаулы ғашықтыққа.
Ғашықтықтан жыр жазды талай ақын,
Талай шебер сыр төкті ғашықтыққа.

Мынау әлем байлаулы сұлулыққа,


Сұлулығы болмаса, сырлы боп па?!
Тарихыңның тамыры тіл қатады,
Басын иген хандар да сұлулыққа.

Шіркін, жүрек байланған сұлулыққа,


Тек сондайлар тудырған сұлулықты.
Бар әлемнің сәулетін санап қара,
Сұқтану бар түбінде сұлулыққа!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет