түсіндіріңіз.
Мидың қарама- қарсы тұрған қозу және үрдісінің мызғымас бірлігі барлық шартты рефлекстік әрекеттің түбегейлі тетігін жасайды. Бұл екі жүйке үрдістері бір- бірімен ӛзара әрекеттесіп шартты рефлексті қалыптастырады .
Жүйкедегі қозудың ӛрістеуі туралы деректер физиологтар мен клиницистерге ертеден белгілі. Мұны оның жайылысы иррадиация деп атайды. В.Е.Введенскийдің кӛрсетуі бойынша, бұл жүйке үрдісінің негізгі қасиеті, ол бір орында пайда болып, басқа жүйке орталықта рына ӛрістей алады. Мәселен, қояншық (эпилепсия) ұстағанда мидың бір бӛлігінен шыққан қозу біртіндеп ми қыртысының қозғалтқыш аймағына тегіс жайылады . Сол сияқты клиникада ауырсынудың жайылуы да байқалады .
Жүйке үрдістерінің жайылуына қарама- қарсы құбылыс оның бір жерге жиналуын шоғырланыс (концентрация) дейді
Шартты рефлекс шоғырлануының қысқа мерзімді кезінен кейін қозудың жалпылай ӛрістейтін жалпыланыс (генерализация) сатысы басталады. Оның сезімдік және әсерлік түрлері болады. Сезімдік жалпыланыс құбылысында шарты рефлекс тек белгілі бір ғана сигналға емес, оған ұқсас түрлеріне де жауап ретінде пайда болады. Мысалы, жануар метраномының белгілі соғу жиілігімен қатар басқа жиілікті (қоңырауды т.б. дыбыстарды ) сезеді. Әсерлік жалпыланыс құбылысы бойынша, қозғатқыш шартты рефлексін жасағанда бір тітіркендіргіш жалғыз қимыл- әрекет емес, кӛптеген қозғалыс әсерлерін туғызады. Мысалы адам мамандық дағдыралы қалыспағанша ширақ бар қимылдың орнына қажетсіз кӛп қозғалыс жасайды
Сонымен бірге шартты рефлекстің белгілі тітіркендіргішке қалыптастыру кезінде ол түрткі біртіндеп арнайы бола бастайды. Яғни бір мезгілде шартты рефлекс әсерлерін жасайды.
№4 тапсырма. Қыртыстағы тежелу түрлерін сызбада толықтырыңіз
№5 тапсырма. Мәселелік тапсырманы шешіңіз
Науқастың шүйде және тӛбе бӛлімдеріне бірнеше қайталау арқылы ЭЭГ (қисық сызығы) жазылды. Электроэнцефалограмма алғашқы бірнеше қайталауларда классикалық түрде қалыпты болды. Алайда, келесі сеанстарда электроэнцефалограмма науқастың қалыпты жағдайда емес екенін кӛрсетті. Дәрігер зерттелушінің неге алаңдап отырғанын сұрады. Науқас жазбаша бақылау жұмысын жасап жібергенін, ішінде бір тапсырманы шешу кезінде үлкен қателік жібергенініне алаңдаулы екенін айтты.Науқастың қалыпты ЭЭГ қандай (қалыпты жағдайдағы ЭЭГ қисық сызығын салыңыз)? Науқастың алаңдаулы күйін дәрігер қалай анықтады?
Адамның эмоционалды күйлері мидың электроэнцефалограммасында (ЭЭГ), ең алдымен, негізгі ырғақтардың арақатынасының ӛзгеруінде кӛрінеді: дельта, тета, альфа және бета. Эмоцияларға тән ЭЭГ ӛзгерістері маңдай аймақтарында айқын кӛрінеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, теріс эмоционалды жағдайлар оң жақтағы альфа белсенділігінің жоғарылауымен және сол жақ жарты шардағы дельта белсенділігінің артуымен бірге жүреді. Осы ЭЭГ-да пайда болған ӛзгерістерге қарап, дәрігер науқастың алаңдаулы отырғанын анықтады.
№6 тапсырма. Мәселелік тапсырманы шешіңіз
Достарыңызбен бөлісу: |