ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ - 1996-1998жж. Алматы қ. Республика алаңында бой көтерген. Авторлары: шығармашылық ұжымның ұйымдастырушысы Ш.Уалиханов; сәулетші А.Жұмабаев, Н.Далбаев, А.Боярлин, М.Мансуров, К.Суранчиев, К.Сатыбалдин; арх. К.Жарылғапов, К.Мотахаев; конструктор С.Қаламқаров; құрылысшы А.Ермигияев.
БЕЙТАРАПТЫҚ- ешкімнің тарапына қосылмай қалыс қалу немесе енжар, селқос қарау. Халықаралық құқықта және әлемдік саясатта соғысқа қатысудан бас тартатын, бейбіт өмірде әскери одақтарға кіруге құлық танытпайтын мемлекеттің мәртебесі. Кеңірек мағынада кез келген мемлекетаралық бірлестіктерге қатысудан бас тартуы мүмкін. Әдетте ол басқа мемлекеттермен келісім-шартпен бекітіледі. Белгілі бір мағынада бейтараптық саясат пен қазіргі Еуропа Одағындағы ықпалдасудың тереңдеуіне сақтықпен қарайтын еурокептиктердің арасынан ұқсастақ іздеуге болады.