ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - қоршаған ортаға кері әсер ететін факторлардан тұлға құқықтары мен өмірлік қажетті мүдделерді сақтау жағдайы.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ - қоғамның стратегиялық дамуына бағытталған экономикалық мақсаттар мен шаралар жүйесі. Экономикалық стратегия және экономикалық тактикаға бөлінеді.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАР -экономикалық саясатты іске асырудағы шаруашылықты жүргізу және экономиканы бақылау жүйесі. Экономикалық дағдарыстар нәтижелерінде көрсеткіштің төмен болған жағдайында жүргізіледі.
ЭКСТРЕМИЗМ -өте шектен шыққан көзқарастар мен пікірлер ұстанымы.