Нәзипа Құлжанова


Алма Мүтәліпқызы Қыраубаева



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі38,9 Kb.
#107307
1   2   3
Байланысты:
3апта

Алма Мүтәліпқызы Қыраубаева (26.5.1947, Бірқазан бекеті, Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы - 5.2.2001, Астана) - ғалым, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998).[1]

Қалғабай батырдың ұрпағы, Қыраубай батырдан тарайды. Әкесі - Мүтәліп Қыраубайұлы ақын, жыршы, палуан болған адам. Анасы - Күлжан Сүлейменқызы – Мұстафа Шоқайдың немере қарындасы. Үлкен нағашы атасы - Ысқақ молда, Құмжарған деген жерде мектеп ашып, Мұстафа Шоқайға ұстаздық еткен.

1970 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін, 1973 жылы аспирантураны тәмамдаған. Ұстазы Бейсенбай Кенжебаевтің себепкерлігімен ҚазҰУ-да қызметке қалады. 1974 жылы ҚазҰУ-да ассистент, 1978 жылы аға оқытушы, 1981 жылы доцент, 1998-2000 жылдары профессор болып қызмет атқарған. Ұстаздығымен қатар 1993 жылы Жандосов ауылында қазақ гуманитарлық мәдениет лицейін ашады. 2000-2001 жылдары Мырзатай Жолдасбековтің шақыртуымен Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, профессор және Қазақ ұлттық музыка академиясында қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

Отбасында 3 ұл тәрбиелеген ардақты ана 2001 жылы 5 ақпанда, 53 жасында дүнеден өтеді.

Алма Қыраубаева жастайынан әдебиетке зер салып, «Қайын ата»(1969), «Ақ әже» т.б тақырыптарда әңгімелер жазып, шығармашылығы «Қазақстан әйелері» журналында жарияланып отырған.[2]

Қазақ мәдениеті лицейі[өңдеу]

О.Жандосов ауылында 1993 жылы, Алма Қыраубаеваның жетекшілігімен жекеменшік қазақ гуманитарлық мәдениеті лицейі ашылды. Лицей қаражат тапшылығымен 1996 жылы жабылып қалды. Лицейде 50-60 оқушы білім алып, 5 сынып: 1,2,6,7,8, он бестен аса мұғалімдер құрамы қызмет атқарған. Қарым-қатынас мәдениеті негізінде ұстаздар оқушыларға «сен» дегеннің орнына «сіз», оқушының атына ұл бала болса «мырза», қыз балаға «бикеш» деген сөзді тіркестіріп айтқан. Ұстаздардың есімдеріне жас ерекшелігіне қарай «бике», «бибі» деген сөздер қосарланып айтылған. Аталмыш лицей қазақ ұлттық мектебінің моделінің жүзеге асқан бір көрінісі болды. Автор бүгінге дейінгі Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов негізін салып кеткен ұлттық педагогика мен психологияны сол кезеңдегі қазақ баласының болмысына сай тәжірибе жүзіне асырады.[4]

Сенім бағдарламасы[өңдеу]

Ғалым, ұлттық мектеп моделін қалыптастыруда өзінің авторлық «Сенім» оқу-бағарламасын құрап шығарды. Бағдарлама бала болмысының өзіндік «мен»-ін, тұлға ретінде сезінуін, бойына сенімілік ұялатудың түрлі әдістерінен құрылған. Оқытылған пәндер құрамы, жалпы мектептегі пәндерден өзгеше бағдарламаға негізделген. «Әлем және мен» бағдарламасы бойынша «Тілашар», «Елтану», «Әлемтану», «Әдеп» пәндері, «Ежелгі қазақ мәдениеті» бағдарламасы бойынша «Ежелгі қазақ әдебиеті», «Шығыс мәдениеті», «Еуропа мәдениеті», «Америка мәдениеті», «Грекия мәдениеті», «Сөйлеу мәдениеті», «Әдеп», «Ұл-қыз әдебі» пәндері оқытылған.Оқушылар рейтинг бойынша бағаланып, оқушыларға жүргізілетін сауалнамалар арқылы мұғалімдер бағаланған. Бағдарлама бойынша қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Хат жазысу», «Практикалық бейнелеу», «Сазды үзіліс», «Би мәдениеті», «Сурет-жария», «Лездеме тақта», «Даладағы сабақ» т.б . «Сенім» бағдарламасы шәкірттің мүмкіндігінің шексіз екендігіне сендіруден, қазақ баласының бойында қалыптасып қалған жасықтықтан, бұйығылықтан арылтудың жолдарын көрсетуге құрылған.

20 тоқтам[өңдеу]



  1. Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.

  2. Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің. Жеңісін ізде.

  3. Баланы таң қалдыруды ұмытпа. Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады.

  4. Әр баланың өмір тіршілігі – өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырына ой көзімен қара. Сабаққа келмесе, себебіне үңіл. Сабағыңа қызықпаса, себебіне үңіл. Тентек болса, себебіне үңіл. Себебін алдымен өзіңнен ізде, мұғалім.

  5. Мұғалімнің өз сабағын білуі жеткіліксіз. Баланың жан дүниесін түсінбейтін мұғалім сабақ беруші ғана.

  6. Баға құнды емес, бала құнды.

  7. Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істеуі керек.

  8. Әр бала өз мүмкіндігінің жоғары-төмендігіне қарамастан, өзінше бір ғажайып құбылыс.

  9. Мұғалімнің мақсаты өз пәнін жақсы үйретуден көрі тереңіректе. Ол – адамды жасаушы адам.

  10. Сабақ дегеніміз – мұғалім мен шәкірттің адамгершілік қарым–қатынасы.

  11. Баланың мүмкіндігіне сенген мұғалім мен сенбеген мұғалімнің іс-әрекеті әр түрлі болмақ.

  12. Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа. Сеніп айтқан сырын шашпа.

  13. Сабақтың мақсаты- баланың басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша білу.

  14. Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады.

  15. Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы аса қажетті шарт.

  16. Баланың ықыласын оята біл. Қолынан іс келетіндігіне сендіре біл.

  17. Мұғалім мен баланың қарым–қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын.

  18. Балаға сыйлы боламын десең, өзің баланы сыйла.

  19. Қиын тақырыпты түсіндіре салып сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста.

  20. Әр бала- халқының келешек тұлғасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет