Ныганова Айгуль Еламановна
Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің
биология пәні мұғалімі
Асқорыту мүшелерінің құрылысы.
Мақсаттары :
Ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін және олардың адам ағзасында орналасуын білу, оқушылардың мүшелер жүйесі туралы танымын, ойды бөліп көрсете білу іскерлігін дамыту, өзін және өзгелерді бағалай алу, санитарлық гигиена туралы өз ойын қорыту.
Міндеттері:
1. Оқушылардың танымдық қасиетін қалыптастыру.
2. Өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
3. Білім мен білік дағдысын өмірде қолдана білуге үйрету
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, электронды оқулық, «Асқорыту жүйесі» суреті.
Сабақ типі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: электронды көрсетілім, тестік тапсырмалыр, слайдтар.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Мұғалімнің үстелінің үстінде үш түсті жалаушалар, оқушылар санына байланысты дайындалады. Әр оқушы өздеріне ұнаған түсін таңдайды.
Парталар да 3 топқа арналып орналастырылады, әр столға үлкен 1 жалауша қойылады. Оқушылар стол үстіндегі жалаушалардың түсіне байланысты орналасады.
Амандасу
Сабаққа психологиялық дайындық.
Білгенге маржан...
Адам тамақ ішу үшін өмір сүрмейді,
Бірақ өмір сүру үшін тамақтанады.
Эпиграф оқылып, оқушыларға сабақ тақырыбы мен оның мақсаты және сабақ жоспары таныстырылып кіріспе жасалады.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
2. Жаңа материалды оқыту.
3. Жаңа тақырыпты пысықтау
4. Қорытындылау
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
ІІ. Үй тапсырмасын тексеруге арналған жұмыстар.
Таратпа материалдармен беріледі
І-топ. 1- тапсырма
1.1 Адам организмі үшін тамақтың рөлі қандай? (жасушалар мен ұлпалардың қалыпты қызметі үшін құрылыс материалы мен энергия көзі заттары алынады.)
1.2 Аш қарынға ұйқыға жатуға болмайды. Неге? (себебі жасушалардан түскен жүйке импульстарының әсерінен мидың жұмысы күшейіп, адамның ұйқысы қашады.)
1.3 Судың тәуліктік мөлшері 1.5-2.мл аспауы керек .Не себебті? (Суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне ауырлық түсіреді. Ал оның мөлшерінің аз болуы зат алмасуды бұзады.)
1.4 Тағамдық заттардың қоректік заттардан айырмашылығы неде?(тағамдық заттарға - ет, сүт, балық, көкөністер т.б жатады, қоректік заттар – нәруыз, май, көмірсу, су, витаминдермен мин.тұздар)
ІІ топ. 1- тапсырма
2.1 Ас қорыту дегеніміз не? ( Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау үдерісі.)
2.2 Қоректік заттар дегеніміз не? (Нәруыздар, көмірсілар,майлар, минералдар, тұздар,су мен витаминдер.)
2.3 Нәруыз организмде негізгі құрылыс материалы . Ол тағы да қандай заттардың құрамына кіреді? (Ферменттер мен гормондардың.)
2.4 Тағамдық заттардың құрамы әртүрлі болуы керек. Себебін түсіндір. (Үнемі біртүрлі тағамдар ішкенде, оның сіңімділігі мен тамаққа деген тәбеті төмендейді және жасушаның тіршілігі үшін қажет заттардың тапшылығы туындайды.)
ІІІ- топ. 1- тапсырма
3.1 Минералдық тұздардың тапшылығы ағзада қандай өзгерістер туғызады?
(сүйектің құрлысының, зат алмасудың, жасуша қызметінің бұзылуына әкеледі)
3.2 Неліктен органикалық заттар организмге бірден сіңірілмейді? (себебі олардың молекулалары өте күрделі, олар асқорыту жолдарында ыдырап барып сіңеді)
3.3 Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (Себебі, біздің асқорыту жүйеміздің және жалпы организмнің қалыпты жұмысы үшін, әр уақытта қоректік заттар болу керек.)
3.4 Ферменттердің рөлі қандай? (Олар жасушада өтетін реакцияларды жылдамдататын – биокатализаторлар)
Сурет бойынша жұмыс.
І-топ. 2 – тапсырма. Тағамдық заттардағы ағза үшін қажетті қоректік заттар түрлерін көрсету және маңызын ашу.
Сурет бойынша жұмыс
ІІ топ. 2 - тапсырма. Тағамдық заттардағы ағза үшін қажетті қоректік заттар түрлерін көрсету және маңызын ашу.
Сурет бойынша тапсырма.
ІІІ топ. 2 – тапсырма. Тағамдық заттардағы ағза үшін қажетті қоректік заттар түрлерін көрсету және маңызын ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |