Нысан Көкпекті ауданында 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды даму бағдарламасының есебі


-мақсат. Балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету



бет12/13
Дата25.05.2018
өлшемі2,13 Mb.
#40719
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

9-мақсат. Балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету.

4. Балаларды (3-6) мектепке дейін тәрбиемен 2017 жылы жоспар бойынша 100% қамту қажет болса, 2017 жылы 100 %-ға орындалды.

3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 1766 бала қамтылып, 100 % -ды құрады (1766*100%/1766=100%).



5. Балаларды (3-6) мектепке дейін тәрбиемен, соның ішінде 2017 жылы 10,8 % мектепке дейінгі жекеменшік мекемелердің ашылуы жоспарланса, нақты орындалғаны – 6,8 %.

Ауданда 44 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 3 жекеменшік балабақша. Жекеменшік мектепке дейінгі мекемені ашу арқылы мақсатты индикаторды 2017 жылы орындалған жоқ. Көкпекті ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы бойынша 2016 жылы Көкпекті ауылында 25 орындық жекеменшік балабақша ашу жоспарланған болатын. Жеке кәсіпкер А.Г.Гусейнова СанПин талаптарына сай ғимарат таба алмағандықтан, балабақша ашылған жоқ.

2017 жылы Бастаушы ауылында 25 орындық жекеменшік балабақша ашу жоспарланған болатын. Жеке кәсіпкер СанПин талаптарына сай ғимарат таба алмағандықтан, балабақша ашылған жоқ. Бұл мақсатты индикатор есептелуде (3*100%/44=6,8%).
Мақсаты 10. Халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту
1. Ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туған балаға, жоспарды - 0, факт түрінде - 0.

2017 жылы аналардың өлімі Көкпекті ауданында тіркелмеді. (2016 жылы аналардың өлімі тіркелмеді).



2. Нәресте өлім-жітімінің төмендеуі 1000 тірі туғандарға жоспары 10,8%, факт түрінде 7,7%;

2017 жылдың қорытындысы бойынша сәбилер өлім-жітімінің көрсеткіші 7,7 (3 оқиға) деңгейіне жетті, бұл жоспардан төмен 3,1%. .

Көрсеткішін есептеуі: наресте өлімі саны*1000/тірі туған саны (3*1000/391 = 7,7).

Жоғарыда көрсетілген индикаторларын орындау үшін 100% жыл сайынғы бала туу жасындағы әйелдерді бақылау,100% жүктілік кезинде ерте есепке алынуы (12 аптаға дейін), сондай-ақ балаларды үйде 1 жылға дейін үздіксіз қамқорлық жасауды жүзеге асырады.



3. Онкопатологиядан өлім-жітімнің азайтуы 100 мың халыққа , жоспары - 53,0 факт - 93,0%.

2017 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 93,0 деңгейіне жетті (25 жағдайының), бұл жоспардан 40,0% асады.

Орындамаған негізгі себебтері:

1. экологиялық фактор;

2. әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар - тұрғын үй жағдайын төмен деңгейі;

3."нашар" өмір салтын ұстануы, оның ішінде зиянды әдет және дұрыс тамақтану.

Көрсеткішін есептеуі: онкологиядан қайтыс болғандардың саны *100 мын./ бекітілген тұрғын саны (25*100000/26893 = 93,0).

2016жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 87,6 (24 жағдай) жетті.

Көкпекті ауданы бойынша онкологиядан өлім-жітімді азайту мақсатында халық арасында жыл сайын аурудың ерте кезеңде анықтауға бағытталған диагностика скринингті тексеруден өткізіледі, амбулаториялық деңгейде келесі нозолгиялар бойынша бірқатар жаңа әдістер енгізілді:





Адам адам қаралды 2016

Адам адам қаралды 2017

асқазан-өнеш ісігі

996

539

Қуықалды без ісігі

303

229

тоқ ішек және тік ішек ісігі

1060

1152

қант диабеті

1442

1178

қан айналым жүйесінің аурулары

1442

1178

сүт безінің ісігі

462

483

жатыр мойын ісігі

432

350

балалар профосмотры 0-14жас аралыгында

4003

3796

глаукома

1634

1325











4. АИТВның 15-49 жас аралыгында таралуы, 0,2-0,6% шамасында, план-0,065, факт бойынша - 0,048.

2016 жылдың жиынтығы бойынша АИТВ 15-49 жас аралығында шамамен 0.2-0.6% 0,048% құрады.



5. Туберкулездан өлім саның азайту, жоспар - 3,5 факт түрінде - 3,3.

2017 жылдың қортыңдысы бойынша туберкулез өлімі 3,3 (1 жағдай) көрсетті, бұл жоспардан 0,2%-ға төмен.

Көрсеткішін есептеу: туберкулездан өлген кісі саны*100 мың / тіркелген адам санына (1*100000/30350 =3,3).

2016 жылы көрсеткіш 3,6 (1жагдай) жетті.


Мақсат 11: Жұмыс іздеп жүрген кезеңде әлеуметтік көмектің белсенді шараларын қолдану және жұмыспен қамтумен жәрдемдесу

1. Жұмыс орындарын құру саны жоспар бойынша 590 жұмыс орны, орындалғаны 590 жұмыс орны.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 184 тұрақты, 406 уақытша маусымдық жұмыс орындары құрылды.

Жоспарланған шараларды уақытында орындау үшін халықты жұмыспен қамтумен жәрдемдесу үшін Кешенді жоспар іске асырылуда. Бұл жоспардың негізгі мақсаты халықтың нысаналы топтарын мемлекеттің қолдауынсыз жұмысқа орналастыру, ақылы қоғамдық жұмыстарға, жастар іс- тәжірибиесіне және қайта оқыту мен біліктілігін арттыру курстарына жіберу.

2. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер ішінде жұмысқа орналастыру үлесі жоспар бойынша 78,2 %, орындалғаны 78,4%.

Жұмысқа орналастырылған адам саны 988 адам, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер саны 1261 адам (988/1261*100= 78,4 %).


Мақсат 12: Нысаналы топтардың әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

1. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан жұмыс істеуге қабілеттілердің үлесі жоспар бойынша 27,0 %, орындалғаны 25,6 %.

Алушылар саны 507 адам, оның ішінде жұмысқа қабілеттілері 130 (130/507*100=25,6 %).



2. Арнаулы әлеуметтік көмек қызмет түрлерімен қамтамасыз ету үлесі (жалпы көмекке мұқтаж адамдар санынан) жоспар 100 %, орындалғаны 100 %.

Арнаулы әлеуметтік көмек қызмет түрлерімен қамтамасыз етілген адам саны 215, көмекке мұқтаж 215 адам (215/215*100= 100 %).



3. Жеке сектор субъектілерімен арнаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілген адамдар үлесі (соның ішінде мемлекеттік емес ұйымдармен) жоспар бойынша 8,9 %, орындалғаны 11,6 %.

Арнаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілген адамдар саны 215 адам, оның ішінде 25 жалғызбасты зейнеткерлер мемлекеттік емес «Зубр» ұйымымен арнаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілді (25/215*100= 11.6%).


Мақсат 13. Отандық мәдениеттің сақталуы.
1. Мәдениет мекемелеріне келушілердің 1000 адамға шаққанда орташа саны, кітапханалар жоспар бойынша 16,064, нақты орындалғаны 16,064.

2017 жылы кітапханаға келушілердің саны 16064 адамды құрайды, бұл барлық кітапханаларда жүргізілетін электрондық және қағаз нұсқада жүргізілетін күнделіктер (аудандық және орталық кітапханаларда электрондық күнделік және ауылдық кітапханаларда қағаз нұсқада) арқылы анықталады, абонементте әрбір келушіге оқырман билеті жүргізіледі. Сонымен қатар, интернет желісіне қосылған кітапханаларда оқырмандардың дәстүрлі қызметтерден тыс, компьютерлік қызметтерді қолдануға мүмкіндіктері бар. Бұл жерде де онлайн-есеп жүргізіледі және есеп кітабы толтырылады.



2. Мәдениет мекемелеріне келушілердің 1000 адамға шаққанда орташа саны, концерттік ұйымдар бойынша 522,407 нақты 522,421.

Мәдениет мекемелеріне келушілердің 1000 адамға шаққандағы орташа саны мәдениет мекемелерінің желісінде жүргізілетін журналдар негізінде шығарылады. Аталған журналдарда күнделікті мәдениет мекемелеріне келушілер белгіленеді. Бұл көрсеткіш төмендегідей есептеледі:

Клубтар бойынша келушілердің жалпы саны – 124730 адам;

Кітапханалар бойынша келушілердің жалпы саны – 63022 адам;

Аудан бойынша келушілердің жалпы саны – 187740 адам;

Жыл бойында келушілердің орташа саны: 187 752 : 12 = 15 646.



(Барлығы:15 646 : 29 949 х 1000=522,421)

Бұл жерде: 15645жыл бойында келушілердің орташа саны;

29 949 – аудан бойынша тұрғындар саны;
Мақсат 14. Бұқаралық және жоғары көрсеткішті спортты дамыту.
1. 2017 жылғы жоспар бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданумен 29,7 % тұрғындардың қамтылуы көзделсе, нақты қамтылғаны – 23,8%.

Ауданда барлығы 28973 адам тұрады, 2017 жылы олардың ішінде 6901 адам жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданды. Еңбек ұжымдарында – 5652 адам, мектеп секциясары мен БЖСМ-да – 1249 адам. Мақсатты индикатордың орындалуы, яғни тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен қамтылуы 23,6 %-ды құрайды (6901*100/28973=23,6%).

2017 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындар саны 6901 адамды, немесе 23,6 %-ды құрады. Тұрғындардың қамтылуы 2013-2016 жылдармен салыстырғанда, 9142 адамнан 2241 адамға азайды. Ол аудан тұрғындарының 2015 жылғы 31415 адамнан 2017 жылы 28973 адамға дейін азаюына байланысты, жалпы аудан бойынша тұрғындар санының азаюы 2233 адамды құрады. ЖҰДҚ енгізілгеннен бері бұрын бір бала 2-3 топта тіркелгендіктен, спортпен шұғылданушылардың санын көбейтіп жүрген балалар анықталып, мектеп секцияларында қамтылған оқушылар саны нақтыланды. 2016-2017 оқу жылында спорт секцияларындағы балалар саны 1978 болса, 2017-2018 оқу жылында 1249 бала, немесе 729 балаға аз. Екі БЖСМ-да спорттық ойын секцияларындағы бір тобында бала санының 18-ден 12 дейін азайғандықтан, оқушы саны 2016 жылғы 892 оқушыдан 2017 жылғы 796 оқушыға дейін азайды. Спортпен шұғылданушы оқушылардың саны 96 адамға азайды. Осы факторлардың барлығы тұрғындарды спортпен қамту көрсеткішіне әсерін тигізіп, жоспарланған нәтижеге жетуге кедергі болды.

2. БЖСМ-дарда, балалар мен жасөспірімдер клубтарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын 7-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді 2017 жылы 13,5% қамту жоспарланса, нақты қамтылғаны – 19,6 %.

Қамтудың жоғарылауы БЖСМ-де жаңа топтардың ашылуына (дзюдо, волейол, еркін күрес), оқу-жаттығу процесі сапасының арттырылуына, балалар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға тарту жұмысының жақсартылуына байланысты (796*100/4045=19,6%).



Мақсат 15. Қазақстан халқы бірлігінің факторы ретінде қалыптасқан толерантты орта қалыптастыру.
1. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі жоспар бойынша 91 % нақты орындалғаны 91 %.

2017 жылға мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 91% құрайды.Бұл көрсеткіш келесі дәлелдермен нақтыланады:



15413 адам 18-63 жас аралығындағы қазақ ұлтының өкілдері, барлығы белгілі деңгейде мемлекеттік тілді меңгерген;

31 адам Тіл орталығының мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысушылар. Оның ішінде:

9 адам өзге ұлт өкілдері аудандағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметкерлері;



  1. адам елге оралған қандастар «Тілашар» курсының қатысушылары;

15- өзге ұлт өкілдері«Тілашар» курсының қатысушылары.

54 өзге ұлт өкілдері Білім беру мекемелеріндегі үйірмелерге қатысушылар. Аудан бойынша мектеп жанындағы 20 үйірме ұйымдастырылған, оған 196 адам мемлекеттік тілді оқуға тартылған.

40 өзге ұлт өкілдері Аграрлық колледждегі ағылшын тілін оқитын студенттер. Мемлекеттік стандарт бойынша қазақ және ағылшын тілдерін оқытылды.

3202адам өзге ұлт өкілдерінің 18-63 жас аралығындағы ересек тұрғындармен жүргізілген сауалнамада мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде меңгеретіндіктері аңықталды.

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың жалпы саны –18740 адам.



(Барлығы: 18740 : 20594 х 100= 91%)

2. Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі жоспар бойынша 4,7% нақты орындалғаны 4,8%.

Бұл көрсеткіш келесі дәлелдермен нақтыланады:

240адам Тіл орталығының ағылшын тілін оқыту курстарына қатысушылар, оның ішінде:

140 адам аудандағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметкері;

100 адам тұрғындар арасында ұйымдастырылған курстарға қатысушылар;

8адам Тіл орталығынында ұйымдастырылған үйірмелерге қатысушылар;

390 адам Білім беру мекемелеріндегі үйірмелерге қатысушылар;

91 адам Аграрлық колледждегі ағылшын тілін оқитын студенттер;

64 адам аудан мектептеріндегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері;

20адам аудан мектептеріндегі тілдік курстан өткен мұғалімдер;

60адам Көкпекті мен Самар кітапханаларда ұйымдастырылған үйірмелерге қатысушылар.Аудан бойынша білім мекемемері мен кітапханалар жанында ұйымдастырылған үйірмелерге 450 адам ағылшын тілін оқыды.

113 адам ЖОО бітірген мамандар ағылшын тілін белгілі бір деңгейде меңгеретіндіктері сауалнама нәтижесі бойынша анықталып отыр.

(Барлығы: 986: 20594 х 100 =4,8 %)

3. Үш тілді (мемлекеттік, ағылшын және орыс) меңгерген ересек тұрғындар үлесі жоспар бойынша 3,8 % нақты орындалғаны 3,8 %.

Үш тілді (мемлекеттік, ағылшын және орыс тілі) меңгерген ересек тұрғындар үлесі 3,8 % құрайды. Бұл көрсеткіш келесі дәлелдермен нақтыланады:



240адам Тіл орталығының ағылшын тілін оқыту курстарына қатысушылар, оның ішінде:

140 адам аудандағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметкері;

100 адам тұрғындар арасында ұйымдастырылған курстарға қатысушылар;

8адам Тіл орталығынында ұйымдастырылған үйірмелерге қатысушылар;

390 адам Білім беру мекемелеріндегі үйірмелерге қатысушылар;

91 адам Аграрлық колледждегі ағылшын тілін оқитын студенттер;

64 адам аудан мектептеріндегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері;

(Барлығы: 793: 20594 х 100 =3,8 %).
16 Мақсат: Ұлттар бірлігі мен қазақстандық патриотизмді нығайтуды қамтамасыз ету. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттармен өзара қатынастарын шыңдау арқылы мемлекеттілікті нығайту.
1. Аудан көлемінде 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындардың мемлекеттік жастар саясаты саласына қанағаттану деңгейі жоспар 33% нақты нәтиже 42,9%

14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындардың мемлекеттік жастар саясаты саласында қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы, Жас Отан ЖҚ және «Көкпекті жастары» ЖПҚБ ұйымдастыруымен бір қатар жұмыстар жүргізілді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2017 жылы ауданда 6 мың 676 жас тіркелген. Оның ішінде 3730 ер адам, 2946 әйел адам.

2017 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 12 жас маман үй алуға төмен пайызды несие және 15 жас маман көтерме жәрдем ақы алды. Жыл көлемінде қоғамдық негізде 3 мың 750 жас жұмысқа тартылды. Аудандық жастар орталығымен аудан көлемінде 47 жасқа түрлі бағытта кеңестер берілді.

2017 жылдың жаз айларында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 60 сарбаз жұмыспен қамтылды. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша сарбаздардың еңбек ақысы 60 мың теңгені құрады.

Мемлекеттік жастар саясаты саласының үлкен іс-шараларының бірі жыл көлемінде өткізіліп тұратын «Рухани Жаңғыру: Жастар ұлт рухы» дәстүрлі жастар форумы. Форум барысында мемлекеттік жастар саясатына үлес қосқан ауданның үздік 10 жасы марапатталды.



2017 жылдың қыркүйек айында ауданымызда алғашқы рет жастар мәслихатына депутатарды сайлау болып өтті. Аудан көлемінде сайлауға 54 жас қатысып солардың ішінде 15 жастар мәслихатының депутатары жеңіске жетіп бүгінгі күні аудан жастарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауда.

Мемлекеттік жастар саясаты саласы бойынша 225 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде: Мәдени-көпшілік – 60, патриоттық 72, спорттық 59, танымдық – 34 іс шаралар. Барлық ұйымдастырылған іс-шаралар «Мәңгілік ел» ұллтық идеяны жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған.



2. Конфессияаралық қарым-қатынас саласы бойынша мемлекеттік саясатты қолдайтын тұрғындардың үлесін арттыру. % көресткіште жоспар 83,0 нақты 92,0%.

Есептік кезеңде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша жоғары деңгейде жұмыстар жүргізілді. 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына сәйкес ауданда 12 діни бірлестік тіркелген. Олар 2 конфессия өкілдерінен құралған. Оның 11 ислам және 1 православие діни бірлестіктері. Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында консультавтивті-кеңесі орган - Көкпекті ауданы әкімінің діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесі жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. 2017 жылы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесінің 4 отырысы өткізіліп, 12 актуалды сұрақ қарастырылды.

Өз шешімдері бойынша шетелдердегі теологиялық оқу орындарына баруын алдын алу мақсатында аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта 2017 жылдың сәуір-мамыр айларында түлектерге арналған «Сақ бол, жас түлек!» атты акциясы ұйымдастырылып, 500 адам қамтылды. Тұрғындармен жұмыс жүргізу барысында дәстүрлі жұмыс әдістерінен бөлек, басқа да креативті тәсілдер қолданылуда. Олар: пікір-талас ойындары, сынып сағаттары, сұхбаттасулар, арнайы бейнефильмдер көрсету және тағы да басқа іс-шаралар. Есептік кезеңде діни сауаттылықты арттыру бойынша 7 семинар, 12 дөңгелек үстел, 30 бейнефильмдер көрсету және тұрғындармен 17 сұхбаттасу шаралары ұйымдастырылды.

Экстримистік идеялардың алдын алуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары негізгі қозғаушы құрал болып табылады. Биылғы есептік кезеңге сәйкес ақпараттық-түсіндіру топтарымен 55 кездесу өткізіліп, 6 мың 320 адам қамтылды.

Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде БАҚ-ның және Фейсбук, Вконтакте әлеуметтік желілерінің мүмкіншіліктері тиімді қолдануылуда.

Тұрғындардың діни сауаттылығын ашу мақсатында аудандық «Жұлдыз-Новая-жизнь» газетінде діни тақырыпта 23 мақала жарияланды. Фэйсбук және ВКонтакте әлеуметтік желілерінде «Молодежь против экстремизма и терроризма» и «ИРГ Кокпекты» топтары құрылған. Аталған топтарда үздіксіз имамдар мен теологтардың пікірлері, аудио-видео материалдар жариялануда. Әлеуметтік желілерде барлығы 176 материал жарияланды.


БАҒЫТ 2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
17-мақсат. Көшелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.
2017 жылдың 12 ай ішінде Көкпекті АІІБ қылмысқа қарсы күрес бойынша басым бағыттары орындалды, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысты ашу және тергеу, құқық бұзушылық, есепке алу-тіркеу тәртібін нығайту, жеке құраммен тәрбиелік жұмыс жүйесін жүргізу, сондай-ақ ҚР ІІМ бағдарламасын орындауға бағытталған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-әрекет бойынша кешенді іс-шараларды.

2017 жылдың 12 ай ішінде тіркелген қылмыстар санының өсуі байқалады + 1,2% - ға немесе 254-дан 257, жалпы ашылуы 85,5% (2016-84,8% - ға), ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 93,3% құрады (2015-80,0%).

10 мың адамға 2016-254 (81,5%), 2017-257 (87,8%).

1. Қылмыстардың үлес салмағын азайту, көшелерде жасалған жоспар бойынша 7,6% - ға, нақты орындалғаны 4,3 % - ға өсті.

2017 жылы 12 қылмыс тіркеліп көшелерінде жалпы санынан тіркелген қылмыстар (257 жағдай ) көшелердегі үлесі 4,3 пайызды құрайды.


2. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы жоспары бойынша 5,6% - ға, нақты орындалғаны 1,9 % - ға өсті.

2017 жылы 4 қылмыс кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарының жалпы санынан тіркелген (257 жағдай ) көшелердегі үлесі 1,9% құрайды.



3. Бұрын жасағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы, % жоспар бойынша 49,0% - ға, нақты орындалғаны 56,8 %.

Тіркелген қылмыстың жалпы санынан қылмыстың қайталануының деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. Алайда 2016 жылы бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар саны 131 жағдайдан 2017 жылы -117 жағдайға дейін төмендеді.

Көкпекті ауданының ІІБ-дегі әкімшілік полиция бөлімшесінің патрульдік бекеттік қызметінің қысқаруына байланысты, бұрын қылмыс жасағандардың жасаған қылмыстарының қайталануының өсу қарқынымен түсіндіріледі. Қысқартылуға байланысты полицияның кешенді күштерінен құрылған және әр түрлі полиция қызметкерлерінен құралған қызметтермен аудан көшелеріндегі кешкі уақыттағы тәртібі жүзеге асырылады.

Сондай-ақ бұрын қылмыс жасағандармен қылмыстың өсу қарқыны маскүнемдік пен алкоголизмге профилактикалық жұмыс әлсіз жұмысымен түсіндіріледі, тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жүйесін толыққанды құру, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ емдеу үшін арнайы мекемелердің және адамдарды оқшаулау жетекші қоғамға қарсы өмір салты болмауына байланысты.



 

18-мақсат. Жол-көлік оқиғаларының санын және олардың зардаптарының ауырлығын азайтуды қамтамасыз ету.

1. Жол-көлік оқиғаларына қайтыс болғандар санын төмендету, 100 зардап шегушіге шаққанда, % жоспар бойынша-10,0% - ға, нақты орындалғаны 38,9 %.

2017 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша Көкпекті ауданының аумағында 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді (2016-21), онда 7 адам қаза болды (2016-10) және 18 дене жарақатын алды (2016-25). (7 қаза болғандар саны/18 жол-көлік оқиғасында дене жарақатын алдар саны*100=38,9%)

Ұзындығы үлкен және жолдардың қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы ауыр жол-көлік оқиғаларының зардаптарына әсер етеді, сондай-ақ ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібінің төмендігі.



Мақсат 19. Аумақтарды келеңсіз төтенше жағдайлардың қамтамасыз етуі

1. Инфрақұрылымның төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл деңгейінің қамтамасыз етуі, жоспар 53% фактісі 56,0%.

Мынадай жоғарыда көрсетілген мақсатты индикатор есептеледі:

1. "Инфрақұрылымының су тасқынынына қарсы іс-қимыл критерийімен қамтамасыз етілу"


Атауы

Гидротехникалық құрылыстар (үйінді)

Инженерлік-геологиялық іс-шаралар

бар, бірлік

қажет, бірлік

орындалған жұмыстардың көлемі, м3

қажет, м3


Көкпекті

11

11

70100

99776

А1= 11/11 =1

А2= 70100м/99776 м. = 0,7



А = (1 +0,07)/2 = 0,85

2. "Инфрақұрылымының жер сілкінісіне қарсы іс-қимыл критерийімен қамтамасыз етілу"



Атауы

Мектептерді сейсмикалық күшейту

Балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту

Денсаулық сақтау ұйымдарын сейсмикалық күшейту

Орындалды, бірлік

Қажет, бірлік

Орындалды, бірлік

Қажет, бірлік

Орындалды, бірлік

Қажет, бірлік

Көкпекті

0

2

0

3

0

2

D1=0

D2=0

D3=0


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет