Нысан Көкпекті ауданында 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды даму бағдарламасының есебі



бет13/13
Дата25.05.2018
өлшемі2,13 Mb.
#40719
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

D =(0+0 +0)/3 = 0

3. "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері құрылмаған елді мекендердегі инфрақұрылымының өртке қарсы іс-қимыл критерийімен қамтамасыз етілу"



Атауы

Өрт сөндіру бекеттері

Бар (жұмыс істейді), бірлік

Қажет, бірлік


Көкпекті

11

13

Е = 11/13=0,84
Осылайша, 2017 жылға нысаналы индикатордың мәнін құрайды:

U = 0,85 + 0 + 0,84 = 0,56*100 = 56%

3
Аудан аумағында 11 жасанды гидротехникалық құрылғылары бар, жасанды гидротехникалық құрылғылар қаржы бөлімінің бұйрығымен КМҚК "Шығыс су қоймалары балансына берілді " .

Ағымдағы жөңдеу бойынша ЖСҚ бар келесі жобалар:

1. Преображенка ауылы "Талменка" тоған бөгеті 4,6 млн. теңге сомасына.

2. "Бектемір" су қоймасының бөгеті 18,3 млн. теңге.

3. Белое ауылының солтүстігіне қарай 1,5 км "Алтыбай" су қоймасының бөгеті құны 8,3 млн. теңге.

"Қарғалы", "Қамысты" тоғандар бөгеттері гидротехникалық құрылыстары түсірілген, қазіргі уақытта транзиттік режимде жұмыс істейді және нысаналы мақсаты жоқ, осыған байланысты, оларды гидротехникалық құрылғылар тізбесі пайдалануынан шығарып тастау қажет.

2017 жылы "Алекс" Шаруа қожалығы жеке қаражаты есебінен, Шегелек өзенінің арнасын 200 метр түзету жұмыстарын жүргізді және Ажа ауылында ұзындығы 100 метр түзету жұмыстарын жасады. ТОО «Арсенал Инвест» жеке қаражаты есебінен Шұғылбай селолық округіне қарасты Тентек өзенінің арнасын 1000 метр жерге бөгет және түзету жұмыстарын жүргізді.

Тассай ауылына баратын су өткізетін құрылғыны қайта қалпына келтіру үшін сметалық құжатама құны 4663,0 мың теңгені құрады. Мердігер ТОО «Арсенал Инвест» инфрақұрылымының төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл мүмкіндік деңгейінің қамтамасыз етілу - 56,0%.

Көкпекті ауданы жер сілкінісінің күші 7-8 балл сейсмикалық белсенді ауданға жатады. Сейсмикалық қауіптілік бойынша шараларды қабылдау және инженерлік қорғау және апатты жер сілкінісі тәуекел салдарын азайтуға, сейсмикалық шағын аудандастыру карталарынының болмауы, ауданның елді мекендеріне бағалау жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Жер сілкінісі туындағанда болуы мүмкін материалдық шығын болжамы, сондай-ақ конструкцияларды күшейту жолымен елеулі шығындарды қысқарту, жүйелі проблемаларды шешуді талап ету, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі кешенді болып табылады. Инженерлік қорғау жөніндегі іс-шараларды тексеру және өткізу, сейсмикалық күшейтуге аудан бюджетінде жоқ едәуір қаражаттың салымын қажет етеді.

Биғаш және Шұгылбай ауылдық округтеріне қосымша 2 өрт сөндіру тірек пунктерін құру жоспарда.
2.1.4. бағыт: Инфрақұрылым
Мақсат 20. Халықты қол жетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамассыз ету.

1. Телефонды байланыстың тіркелген желілер тығыздығы 100 адамға шаққанда 24,2 жоспар бойынша, нақты орындалуы 34,5%.

2017 жылы Көкпекті аудандық телекоммникация торабы телефон байланыс желісін пайдаланатын аббонеттер санын өсіру жұмыстары жүргізді. Көкпекті ауданы бойынша (10016/28973*100=34,6%) телефон желісін 10016 аббонент тұтынуда.



2. 23,1% жоспары бойынша интернет қолданушылардың нақты саны 12,3 %

Аудан бойынша телефон желісі арқылы интернетке қосылған 3556 аббонент бар(3556/28973*100=12,3%).

Орындалмау себебі: Аудан аумақтарын уялы байланыс операторлары қамтуына байланысты ұялы байланыс қызметін пайдаланушылар саны көбейгендіктен аталған көрсеткіш орындалмады.
Мақсат 21. Тұрғын-үйге қол жетімділігін қамтамассыз ету.
1. Тұрғын үйді пайдалануға еңгізу жоспары бойынша жалпы ауданы 1990 шаршы метр, орындалғаны 1809 шаршы метр.

2017 жылы тұрғын үйді пайдалануға еңгізу 1809 шаршы метрді құрап 2016 жылмен салыстырғанда жалпы ауданы 112 % көбейді (2016 жыл – 1609,0 шаршы метр)

Тұрғын үйді пайдалануға еңгізу жеке-тұрғын үй құрылысы есебінен жүргізілуде.

Ауданның облыстық тұрғын үйді пайдалануға еңгізу көлемі 0,5% құрайды.
Мақсат 22. Автомобиль жолдары саласы инфрақұрылымын дамыту деңгейін арттыру, қол жетімді көлік қызметтерімен қамтамасыз ету.
1. Жергілікті автокөлік жолдарының жағдайы қанағаттанарлық және жоспарлық 69,6% -дан нақтылы орындалуы 72,4% құрайды.

Автокөлік жолдары саласындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында, көлік инфрақұрылымын қайта жаңарту мен жетілдіру және автокөлік процесі кезіндегі қауіпсіздікті қамтамассыз ету барысында қажетті жұмыстар жүргізілуде.

Аудандық маңызы бар жолдар ұзындығы 470,7 км болса, оның 23 км асфальтбетонды жабынды, 123,6 км құмтасты, 307,6 км құмды-қиыршықтасты жабынды болса, 16,5 км құмайтты. Соның ішінде 53 км жақсы қалыпта, 287,7 км қанағаттарлық жағдайда және қанағаттанарлық емес жағдайдағы жол ұзындығы 130 км. Жергілікті жолдар 56 елді мекендерді байланыстыруда.

2017 жылы жергілікті қаражат есебінен жергілікті автомобиль жолдарына 197339,9 мың тенгені құрайтын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың күзгі тексеру нәтижесі негізінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар ұзындығы 340,7 км құрайды. (340,7/470,7*100)=72,4%

2. Автотранспортты жолаушылар қатынасымен қамтылмаған елді мекендер улесі жоспар бойынша 30% болса, нақтылы орындалғаны 38,5 %.

2017 жылы ауданаралық, облыстық және қалааралық бағытта жолаушылар көлігі тасымалымен 32 елді мекен немесе 61,5% қамтылды, 20 елді мекен 38,5% қамтылмады. Аудан аралық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мен іске асыру үшін 500,0 мың теңге дотация төленді. Көкпекті – Самар бағытында аудан аралық жолаушылар тасымалы іске асуда. Аталған бағыттағы тасымалдаушы «Кабылбаев Нуржакып» ЖК .


Мақсат 23. Халықты сапалы коммуналды қызметпен қамтамассыз ету.

1. Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесіның азаюы жоспар бойынша 34%, нақтылы орындалғаны 0%.

Аудан бойынша кондоминиум нысандары тіркелмеген.

Ауылдық округтар әкімшілігі бөліммен бірлесе отыра кондоминиум нысандарын құру туралы түсіндірілме жұмыстары жүргізілуде.

2. Ауылдық елді мекендердың орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізілуі жоспар бойынша 26,8%, нақтылы орындалғаны 23,1%.

Қазіргі таңда Көкпекті ауданында 56 елді мекендер бар, соның ішінде 12 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамассыз етілді. (12/52*100)=23,1%.

23.1% ауылдық елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

3. Ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған кәрізбен жоспра бойынша 5,4% қамтылу керек болса, нақтылы орындалғаны 16,7%.

Ауданның кәріз жүйесінің жұмысын тұрақты және үздіксіз қылу мақсатында Көкпекті аулында «Көкпекті» ШЖҚ КМК 2014 жылы ұзындығы 11,8 км болатын кәріз желілері мен құрылымдары іске қосылды. Самар ауылындағы ұзындығы 16,0 км болатын кәріз жүйелері мен құрылымдарын «Самар» ШЖҚ КМК қызмет көрсетеді.

Көкпекті ауданы аумағы бойынша 2017 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 52 елді мекен бар. Олардың ішінде орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған Көкпекті және Самар ауылдары бар, сол 16,7% құрайды(2/12*100)=16,7%.
Мақсат 24. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, өңдеу, утилизациялау жүйесін жетілдіру.

4. Қатты қалдықтарды өңдеу жоспар бойынша 0, нақты орындалуы 0.

5. Аудан халқын қалдықтарды жинау мен тасу қызметімен қамту жоспар бойынша 32%, нақты орындалу 41,7%.

Аудан бойынша жалпы халық саны 12078 адамды құрайтын 2 ауыл Көкпекті және Самар ауылдары қалдықтарды жинау және тасу қызметін «Көкпект» және «Самар» ШЖҚ КМК көрсетеді.

12078/28973*100=41,7%.

5. Экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру нысанының үлесі 0,4%, нақты орындалу 3,9%.

Аудан бойынша экологиялық және санитарлық талапқа сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру бойынша Көкпекті және Самар ауылдарында арнайы полигондар бар. Ол 3,9% құрайды.



Бағыт: 2.1.5 Экология және жер ресурстары
Мақсат 25. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту

1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауылшаруашылығы айналымына тарту үлесін арттыру, (мың га) в % жоспар 13,2 % орындалғаны 13,2%.

2. Егістік жерлердің құрамындағы ауыспалы егістік үлесі (алқаптық ауыпалы егістік) (мыңга), в % жоспар 42,3 % орындалғаны 42,3%.

3. Табиғи жайылым алқаптарының құрамындағы жайылымдық айналым үлесі (азықтық айналым) (мың га), % жоспар 2,9 % орындалғаны 2,9%.

2.1.6. Бағыт: Мемлекеттік қызметтер
Мақсат 26. Азаматтар мен ұйымдар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру

1. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапа деңгейін арттыру , көрсетілетін жоспары – 85,0% факт 87,0%.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2017 жылы Көкпекті ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 96 түрлері көрсетілді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 43652 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Соның ішінде қызметтердің түрлері бойынша:

• Қағаз нысанда, мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 2763.

• Қағаз нысанда, мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) көрсетілген, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарынан көрсетуге болатын мемлекеттік қызмет саны – 34910.

• Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 5457.

• «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 522 қызмет.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер мерзімдерінің бұзылу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына, санына шағымдардың болуы, қарау мерзімдерінің бұзылуы туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан ешқандай шағымдар түскен жоқ.

2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет тәртібін түсіндіру бойынша жергілікті атқарушы органдармен 3452 адамдардың қатысумен 203 семинар кеңестер, дөңгелек үстелдер, өткізілді. Тұрғындардың назарына тұрақты түрде аудандық газетте мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар жарияланып тұрады.

Бақылау және орындауда тұрған негізгі міндет- халықты электронды қызметтер бойынша ақпараттандыру және насихаттау, электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесін арттыру, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлдерін ұлғайту.

Осы орайда, барлық селолық әкімдіктерде және мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелерде ғимараттың қолжетімді орнында интернетке шығу мүмкіндігі бар компьютер мен принтер орнатылған «Өзі-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылды. Тұрғындарға электрондық қызметтерді алуға көмек көрсету үшін жауапты етіп қызметкерлері бекітілді. Бұл қабылданатын шаралар қызметті алушылардың аудан орталығына шықпастан қызмет алуына мүмкіндік беретін болады, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырады.

Сонымен қатар, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін ауданның 7 кітапханаларында «Өзі-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылды. 2018 жылы қосымша 10 кітапхананы интернет желісіне қосу жоспарлануда.

Әрбір дербес бөлімде және селолық округ әкімдерінің аппараттарында сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар орнатылған, шақыру қоңыраулары бар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімімен баннерлар, ақпараттық стендтар орнатылған (стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызметтердің төлқұжаттары, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан бекітілген жауапты тұлғалардың аты – жөндері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері мен консультациялар беру бойынша қабылдау бөлімдері мен «Call-орталықтарының» байланыс телефондары), күту орындары, құжаттарды толтыру үшін столдар, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін өтініштер үлгілері, кеңсе заттары.

Халыққа мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету үшін әр дербес бөлім мен селолық округ әкімдерінің аппараттарында бөлім басшыларының бұйрықтарымен және селолық округ әкімдерінің өкімдерімен жауапты мемлекеттік қызметкерлер бекітілген. Негізгі қызметкердің жұмыс орнында болмаған жағдайда (еңбек демалысы, денсаулығын түзеті парағы бойынша, қызметтік іссапар) уақтылы, әрі сапалы мемлекеттік қызметті көрсету оны алмастыратын тұлғаға жүктелген, ол бөлім басшыларының бұйрықтарымен және селолық округ әкімдерінің өкімдерімен белгіленген.
2. Электрондық құжат айналымы жалпы құжат айналымынан, жоспары 74,0% факт 95,2%.

2017 жылда ЕҚӘБЖ жұмыс орындарында 90 жұмыс орнын құрайды. Оның ішінде аудан әкімінің аппаратында-16, дербес бөлімдерінде-49 жұмыс орны бар.



Жұмысқа көшу сәттен бастап ведомствоаралық электрондық құжат айналымы 2017 жылы жалпы айналымы 10 364 құжат құрады, оның ішіндегі айналым қағаз құжат 497 (4,8 %) электронды түрде 9867 (95,2%).
Көкпекті ауданы

әкімінің орынбасары А. Акимова
Көкпекті ауданының

экономика және қаржы бөлімінің басшысы Таскайратова А.С.
Орын. А. Макенов

Тел. 2-10-81
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет