Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу жабдықтары мен ережелері.
Қоршаған ортамыздағы барлық микроорганизмдерді зерттеу ғылымы олардың биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бағыттарға бөлініп кетеді. Адам денсаулығына тікелей қатысты патогенді және шартты патогенді бактерияларды медициналық микробиология зерттейді, ал жалпы микробиология осы ғылыми бағыттардың барлығына ортақ микробиологиялық зерттеу әдістерін қамтиды.
Микробиологиялық зертханалардың жабдықталуы. Зертханалар бірқатар құралдармен және қондырғылармен жабдықталуы тиіс.
1. Микроскопияға арналған құралдар: қосалқы бөлшектері қарастырылған (жарықтандырғыш, фазалы-қонтрасты қондырғы, күнгірт-жазықтық конденсор т.б.) биологиялық иммерсиялық микроскоп, люминесцентті микроскоп.
2. Термостаттар мен мұздатқыштар
3. Қоректік орталарды, ерітінділерді және т.б. дайындауға арналған жабдықтар: дистильденген су алуға арналған аппарат (дистилятор), техникалық және аналитикалық таразылар, рН-метрлер, сүзуге арналған аппаратура, су моншалары, центрифугалар.
3. Микробтармен іс-шара жасауға арналған құралдар жиынтығы: бактериологиялық құрықтар, шпательдер, инелер, пинцеттер және т.б.
4. Зертханалықыдыстар: шыны түтікшелер, колбалар, Петри табақшалары,матрацтар, флакондар, ампулалар, пастерлік және деңгейленген тамызғыштар т.б., мақталы-дәкелік тығындар жасауға арналған аппарат.
5. Зертхана құрал-жыбдықтарын стерильдеуге арналған қондырғылар мен аппараттар.
Ірі диагностикалық кешендерде автоматтанған талдамаштар мен алынған ақпаратты бағалайтын компьютерленген жүйелер болады.
Зертханаларда микроскопиялық препараттарды бояуға арналған орындар бөлінген, онда арнайы бояғыш ерітінділер, спирттер, қышқылдар, сүзгіш қағаздар және т.б. болады. Әрбір жұмыс орны газды оттықпен немесе спирттік оттықпен және дезинфекциялаушы ерітіндісі бар ыдыспен жабдықталған. Зертхана күнделікті жұмыс үшін қажетті қоректік орталармен, химиялық реактивтермен, диагностикалық препараттармен, және басқа да материалдармен қамтамасыз етілуі керек.
Ірі зертханаларда микроорганизмдерді көп мөлшерде өсіруге, серологиялық реакциялар жасауға арналған термостаттық бөлмелер болады.
Дақылдарды өсіру мен сақтауда, зертханалық ыдыстарды стерильдеуде және басқа да мақсаттарда мынадай қондырғылар қолданады;
Термостат- Ішкі температурасы қажетті өлшемде бірқалыпты сақталып тұратын аппарат. Микробиологиялық зертханаларда микроорганизмдерді өсіріп-өндіру үшін қолданады. Мысалы, көптеген патогенді бактериялардың көбеюі үшін аса қолайлы температура 37°С. Термостаттар сулық және ауалық болып бөлінеді.