Реферат
Тақырыбы:Медициналық микробиология және оның медицинадағы рөлі.Микробиологиялық және вирусологиялық зертханалардың жұмысын ұйымдастару және оның ережесі.
Орындаған:Нисан.Н
Тобы:ЖМҚА-05-21
Қабылдаған: Курманбекова Ш.Ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлімдер
Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі.
Микробтология,вирусология және иммунологияның олардың тарихи дамуындағы мақсаттар мен міндеттері.
1.3 Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу жабдықтары мен ережелері.
2.1Бактериялық және вирустық инфекциялардың микробтологиялық диогностикасы әдістері.
2.2Бактериоскопиялық зерттеу әдісі туралы түсінік және оның маңызы.
2.3 Бактериоскопиялық зерттеу әдісін зетханалық диогностикада қолдану.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Микробиология — жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі —бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді. Өйткені бұл организмдердің сыртқы пішіні, құрылысы өте’ ұксас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан да бірлестікте болады.
Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Ал, ферменттер мен витаминдерді зерттеуде микробиология биохимия пәнімен де ұштасып жатады. Табиғатты тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады.Сыртқы пішеніне және тіршілік жағдайларына қарай мокроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді.Кейбіреудері ауыл шаруашылығында,медицинада баға жетпес пайда келтірсе,басқа біреулері жануарлармен мен өсімдікерге және адамдарға орасан зор зиянын тигізеді.Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген.Олар сүтті ашытып айран,түрлі жеміс жидектерден шарап квас және сол сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болған.Сонымен қатар адам баласы олардың зиянды,бүлдіруші,зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен.Мысалы Қытайда,Индияда және Кавказда шешек ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар егетін болған.Жұкпалы аурулармен сырқаттанған адамдар бөлектеніп жеке күтілген.Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін тұздау,ашыту,қайнату,салқындату,кептіру арқылы сақтанған.
Негізгі бөлімдер
1.1 Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі.
Микробиология — микроағзалардың құрылымын, тіршілігін және экологиясын зерттейтін ғылым. Микробиология микромирдің барлық өкілдерін зерттейді (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайым вирустар). Микробиология биологиялық іргелі ғылым болып табылады. Микроорганизмдерді зерттеу үшін ол басқа ғылымдардың, ең алдымен физика, биология, биоорганикалық химия, молекулалық биология, генетика, цитология, иммунология әдістерін қолданады. Медициналық микробиология, вирусология және иммунология мақсаты-патогенді организмдердің құрылымы мен қасиеттерін зерттеу, олардың табиғи және әлеуметтік ортаның белгілі жағдайларында адам организмімен өзара қарым-қатынасы, микробиологиялық диагностика әдістерін жетілдіру, жаңа, неғұрлым тиімді емдік және алдын алу препараттарын әзірлеу, жұқпалы ауруларды жою және алдын алу сияқты маңызды рөл атқарып жатыр.Медициналық микробтологияны қазіргі таңда медициналық ЖОО студенттеріне оқытып жатыр.Бұл пән клиникалық пәндерден бұрын оқытылады,ол медик сиудентті жұқпалы аурулар,тері-венерологиялық аурулары,хирургия,геникология,урология ауруларға диагноз қою және емдеуімен байланысты арнайы пәндерді зерделеуге дайындайды.Ол адам үшін патогенді микроорганиздерді(вирустар,бактериялар,саңырауқұлақтар,ринкетсиялар,хламириялар,микоплармалар,қарапайымдыларларды) зерттейді.
1.2 Микробиология,вирусология және иммунологияның олардың тарихи дамуындағы мақсаттар мен міндеттері.
Микробиологияның бірінші даму кезеңінде нақты ауру қоздырғыштарының ашылуы болған жоқ.Дегенмен адамзат тіршілік ете бастағаннан жұқпалы аурулардан адамдардың сүйектерінде осы індеттер процесінің із қалдырғаны дәлелдейді.Археологиялық мәліметтер ерте заманғы суреттер,жазулар,мүсіншілер бойынша тұрғындардың,кейде бүкүл бір елдің белгісіз «жабысқақ» аурулардан қырылғаны анықталған.Осындай індеттердің себебін түсінбеген.Адамдар құдайдан қорғаныс іздеумен қатар,өздерін өздері қорғап,өлімнен құтылу жолдарын іздеген.Олар көп ойланған және байқап отырған.Алғашқы рет жұқпалы аурулардың не себепті болатынын қандай халықтар түсіндіре бастағанын дәл айту қиын. Дегенмен,көне дүниенің әйгілі дәрігері Гиппократ жаңа дәуірге дейінгі IV-ғасырда жұқпалы аурулардың себепкері «миазмалар» деп жорамалдағаны белгілі,яғни ауаны,суды,топырақты ластайтын жұқпалы булар адам организміне түсіп,ауру қоздырады деп есептеген.Мыңжылдықтың басында өмір сүрген атақты ғалым Әбу Әли Ибн-сина-Авиценна жұқпалы аурулардың пайда болуы қоршаған ортадағы көзге көрінбитін тірі жәндіктердің адам ағзасына енуімен байланысты деп есептеген.
Падуан университетінің профессоры Д.Фракастро өзінше пайымдап,адамдарда және қоршаған ортада көзге көрінбейтын ерекше белсенді «тірі контагиялар» бар, олар тұрмыстық заттар және ауа арқылы, және де тікелей жанасқан науқастан дені сау адамдарға беріліп,жұқпалы аурулар қоздырады деген қорытындыға келген.
Ерте заманғы ғалымдардың тамаша жорамалдарын голлондиялық табиғаттанушы Антони ван Левенгук XVII ғасырда ғана дәлелдеді,оны микрооргонизмдерді алғаш ашқан зерттеуші деп есептейді.Ол өз қолымен дайындаған 50-300 есе үлкейтетін аспаптың көмегімен 1686 жылы алғашқы рет
«анималькулюстерді» «тірі хайуандарды» тапты.Оларды жауын суында,шөп тұндырмасында,тіс өңезінде,сілекейде,нәжісте тауып, алғашқы рет қарапайымдылардың,балдырлардың,ашытқы саңырауқұлақтардың және бактериялардың сипаттамасын берді,олардың керемет көп түрлі болатынын анықтады. Левенгуктың замандастары оның жаңалығына таң қалды.Сонымен өте ұсақ тірі организмдер ашылды , бірақ оларға микроорганизмдер деген ат берілмеді, олардың классификациясы жасалмады,биологиялық қасиеттері зерттелмеді,олардың жұқпалы аурулар қоздырудағы себепші фактор ретіндергі рөлі дәлелденбеді. Көптеген сұрақтарға микроскоптар жетілдіріп,әр түрлі зерттеу әдістерінің енгізілу нәтижесінде 1,5-2 ғасырдан кейін ғана жауап алынды.Сонымен 1,5-2 ғасыр бойы бактериялар мен саңырауқұлақтардың негізгі түрлері ашулып сипатталды.Морфологиялық жаңалықтар бірінен соң бірі ашылып жатты.
Осымен қатар микробтардың таза дақылдарын бөліп алу,олардың қасиеттерін зеттеу,түрлерін ажыратып анықтау мүмкіндіктерінің әдістемелері жинақталды. Бұл адамдар мен жануарлардың негізгі жұқпалы ауруларының қоздырғыштары ашылған ең жарқын физиологиялық кезең болды.Микробиология қызықты байқаудан практикалық маңызы бар жетекші саласының біріне айналды.Медициналық микробиологияның,иммунологияның,биотехнологияның шын мәнінде негізін қалаушы Луи Пастер болды,оның еңбектері микробтологияның негізін қалады. Ол алғаш рет ашыту және шіріту процесін микрооргонизмдер қоздыратынын , тірі организмнің өзінше пайда болуының мүмкін еместігін, микробтардың аэробты тыныс алуынан басқа анаэробты жағдайда да тыныс алу болатынын дәлелдеді. Л.Пастер асептика, антисептика, залалсыздандыру тәсілдерінің дамуына әсер етті. Микробиологияның дамуына және оның бір саласы иммунология ғылымының қалыптасуында Ресей ғалымы И.И.Мечниковтың еңбегі ерекше.Ол көптеген ағзалар жасушаларының фагоцитарлық белсенділігі болатынын,бөгде заттарды,соның ішінде микроорганизмдерді қорытып организмді індеттен қорғайтынын дәлелдеді.Ол қабыну реакциясының механизмін ашты.Осындай байқаулардың нәтижесінде имунитеттің жасушалық теориясын негізін жасады,сол үшін 1908 жылы Нобель сыйлығын алды.
Достарыңызбен бөлісу: |