Микроанаэростат- Анаэробты микроорганизмдерді оттегісіз жағдайда өсіруге арналған аппарат.
СО2–инкубатор. Бірқалыпты температура мен белгілі бір газды құрамы бар атмосфераны жасауға аралған аппарат.
Тоңазытқыштар- Микробиологиялық зертханаларда микроорганизм дақылдарын, қоректік орталарды, қанды, вакциналарды, сарысулар мен басқа да биологиялық белсенді препараттарды +4°С шамасында сақтау үшін қолданады. 0°С-тан төмен температурада сақталатын препараттар үшінм –20°С немесе –75°С-ты ұстап тұратын төменгі температуралы тоңазытқыштар қолданады.
Центрифугалар- Белгілі-бір сұйықтықтардағы микроорганизмдерді, эритроциттерді және басқа жасушаларды тұндыруға және біртекті емес сұйықтықтарды бөлектеуге (эмульсиялар, суспензиялар) арналған аппарат. Зертханаларда жұмыс істеу режимі әртүрлі центрифугалар қолданылады.
Құрғату-стерильдеу шкафы (Пастер пеші). Зертханалық шыны ыдыстарды және басқа да жоғары ыстыққа төзімді материалдар мен аспаптарды құрғақ ауамен стерильдеуге арналған қондырғы.
Булы стерилизатор (Автоклав)- Қайнаған су буы мен қысымның көмегімен стерильдеу. Автоклавты ағымды бумен стерильдеу мақсатында да пайдалануға болады. Ол үшін автоклавтың қақпағын ашық күйде қалдырып, іске қосады, сонда ол Кох аппаратының қызметін атқарады. Микробиологиялық зертханаларда автоклавтардың әртүрлі модельдері қолданылады (тік, көлденең, стационарлы, тасымалды).
Вивари – ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды күтуге арналған бөлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жұмыстарында және сабақ өткізу ұшін қолданылады.
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі:
1) Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі.
2) Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.
3)Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал-жабдықтарды қолдану керек.
4) Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн.
5) Ауруды жұқтырмау үшін үзіліс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды.
6) Үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құрал-жабдықтардың ғана болуы шарт.
7) Сабақтың соңында жұмыс орны мен жабдықтарды ретке келтіру қажет.
8) Бір спирт шамын екінші біреуінің көмегімен тұтандырмаған абзал, ол үшін шырпы мен шақпақты қолданған жөн.
9) Электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға болмайды.
10) Оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек.
11)Химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет
12) Зертханадан шығар алдында қолды сабынмен жуады.
2.1
Достарыңызбен бөлісу: |