Нысанбаева Қажыайым
Несіпбек Аружан
Вторник 14:10 – 15:00
Социология СРСП 4
Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз
Стратификация – кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамдарда байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар санатын анықтайтын қағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп.
Страта — стратификациянын төрт шкаласы бойынша бір-біріне ұқсас объективтік көрсеткіштері бар адамдардың әлеуметтік қабаты (жігі). Стратификация түсінігі латынның stratum — қабат, жік, facio — жасаймын, істеймін деген ұғымдарын білдіреді. Стратификация ұғымы әлеуметтануға геологиядан ауысқан. Геологияда страта түсінігі — тігінен әр түрлі топырақ жыныстарының орналасу қабатын білдіреді. Страта табысы, білімі, билігі және бет-беделі, мәртебесі бірдей адамдарды бір ортаға, өз төңірегіне біріктіреді.
Стратификацияның тарихи типтері — құлдык дәуірі, касталар, сословие жабық қоғамды сипаттайды, ал таптар болса, ашық қоғамды айқындайды. Жабық қоғамда төменгі сатыдан жоғарғы сатыға әлеуметтік тұрғыда көтерілуге толық тыйым салынған немесе оған қатаң шектеу койылған. Ашык коғамда бір сатыдан екіншісіне өтуге ресми түрде ешкандай шек қойылмаған. Кұлдык — теңсіздігі мұлде шектелген адамдарды кұлдыкка салудың экономикалық, әлеуметтік және занды түрі. Құлдык — тарихи эволюция сатысынан өткен көрініс. Оның екі түрін ажыратып көрсетеді: 1) патриархалдык құлдық- Бұл — құлдыктың ең қарапайым түрі. Құл отбасының ең кіші мүшесінің бүкіл құқығын пайдаланады: қожайынмен бір үйде тұрады, қоғамдык өмірге катысады, еріктілермен некеге отырады, қожайынның мүлік-дүниесіне мұрагер бола алады. Құлды өлтіруге тыйым салынды; 2) ал классикалык құлдықта құлды толық басыбайлылыққа салды: ол жеке тұрды, ештеңеге қатыстырылмады, ештенеге мұрагер бола алмады, некеге отырмады, отбасы болмады. Оны өлтіруге рұксат етілді. Кұлдың жеке меншігі болмады, бірак ол қожайынның жеке меншігі деп саналды
Каста деп адамның туғанынан бастап, кейін өзі мүшесі болатын әлдебір әлеуметтік топты (қабатты) айтады. Адам өз тіршілігінде бір кастадан екіншісіне өте алмаған. Ол үшін тағы да бір рет дүниеге қайта келуі керек еді. Касталык жағдайды үнділіктердің діні бекітті. Оның кағидаларына сүйенсек, адамдар бір өмір емес, бірнеше өмір кешетін көрінеді. Әрбір адам өткен өміріндегі өзінің тұрмыс-тіршілігі, тәртібі қандай болса, соған байланысты дәл соған сай кастаға енеді. Егер де оның жүріс-тұрыс тәртібі жаман болса, екінші рет дүниеге келгенінде адам төменгі кастаға өтуі тиіс және бәрі кейде керісінше болады. Үндістанда төрт негізгі касталар бар: брахмандар (діни адамдар), кшатрилер (жауынгерлер), вайшилер (көпестер), шудралар (жұмысшылар, шаруалар) және шамамен алғанда 5 мыңдай негізгі емес касталар бар.
Сословие дегеніміз — бұл да әлеуметтік топтар, олардың қоғамдағы орны әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі жағдайларымен қатар, қалыптасқан дәстүрлерімен және құқықтық актілермен де аныкталады. Осылар аркылы мұндай ақсүйек феодалдар және дін басылары сияқты сословиелердің құқықтары, міндеттері және жеңілдіктері анықталды.
Таптық жүйелерде ресурстардың тең бөлінбеуіне басты себеп болатын – қол жеткізген мәртебе. Түрлі үстемдіктерге ие болу мүмкіндігін анықтайтын басты факторлардың бірі – кәсіби мамандану, бірақ ол туа қалыптаспайды. Адам кәсіпті ата-анасына қарағанда әлдеқайда жоғары немесе, керісінше, төмен деңгейде меңгеруі мүмкін. Жетістіктерге жету көбінесе адамның дарынына, ынтасына және мамандығына байланысты.
Касталық және таптық жүйелердің арасындағы негізгі айырмашылық теңсіздіктің деңгейінде емес, жетістікке жету мүмкіндігінде. Таптық жүйелердің айрықша ерекшелігі – әлеуметтік ұтқырлық, яғни әлеуметтік таптағы орынның өзгеруі жоғары өрлеу немесе төмен құлдырау бағытында болады.
Маркс: буржуазия және пролетариат
Карл Маркс (1818–1883) әлеуметтік құрылым екі таптан тұратынына сенімді болған. Оларды дәулеттілер және кедейлер деп атауға болады, Маркс оларды буржуазия және пролетариат деп атаған. Буржуазия – жұмыс үшін қажетті құралдар мен материалдарды, яғни өндіріс құрал-жабдықтарын иеленген тап. Пролетариатонымен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан олар үстемдік етуші тапқа жалданып өмір сүреді. Маркстің пікірінше, тапқа жіктеу, ең алдымен, өндірістік құрал-жабдықтарды игеруге байланысты.
Вебер: тап, мәртебе және билік
Маркстың жазбалары жарық көргеніне ондаған жылдар өткен соң, Макс Вебер (1864–1920) таптарға жіктеудің біршама кеңейтілген жүйесін ұсынды. Маркс тұжырымдаған, қоғамды тапқа жіктеудің екі өлшемді жүйесінің орнына, Вебер стратификация жүйесін адамдардың орнын анықтайтын үш тәуелсіз өлшеммен толықтырды. Олардың біреуі – Маркс мәлім еткен тап өлшемі. Екіншісі – билік, ал үшіншісі – әлеуметтік беделді немесе әлеуметтік ерекшелікті білдіретін мәртебе. Оның айтуынша, мәртебесі тең адамдар өз қоғамдастықтарын құрады. Олардың ортақ белгілері бар, сондай-ақ мүдделері, құндылық бағдарлары ұқсас болғандықтан, бірін-бірі жиі асқа шақырады, бір-бірімен тұрмыс құрады және ұқсас қарекетпен айналысады.
Қолданылған әдебиеттер Әлеуметтану негіздері (Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортега) Әлеуметтану оқу құралы (Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов)