Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет21/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

отбасы тағы
баланы болашақта өмір сүруге дайындайтын 
және қалыптастыратын белсенді фактор екендігін пайымдауға болады [124]. 
Жоғары 
оқу 
орнындағы 
студенттердің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастыруда қыз баланың да, ер баланың да атқаратын 
функциялары жоғары көрініс табуы шарт. 
Біз, осы тұста М.Д.Шағырбаеваның «Қазақ қыздарының тәрбиесі 
туралы педагогикалық ойлардың даму тарихы және тенденциялары» атты 
диссертациясын негізге алуды жөн санадық. М.Д.Шағырбаева өзінің 
еңбегінде: «...қазақтың халық педагогикасында әйел – отбасы өмірінің 
тұтқасы, рухани демеушісі, тәлімгері, перзент тіреніші, ұрпақ жалғастыратын 
құдыретті күш деп танылған. Олардың адамгершілік болмысы, мейірімі, 
ұлттық ар мен ұяттың өлшемі, намысы саналған. ...Қазақ елінің ғасырлар 
бойғы түсінігінде имандылықтың кілті – әйел», - деп пайымдау жасаған. 
Ғалымның пікірімен келісе отырып, студенттердің отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастыруда диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру 
кезінде отбасындағы жақсы тәлім мен тәрбие баянды болуы үшін жоғарыда 
айтылған ойларды ескеру қажеттігін айтамыз [125]. 
Ш.Құрманалина адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, 
адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, 
құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің 
мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын 
құрметтеуге тәрбиелеу деп түсіндіреді [126].
Біз үшін отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда негіз 
болатын тағы бір зерттеу А.А.Шарафадиннің «Отбасында ата-ананың балаға 
тәрбиелік 
ықпалын 
арттырудың 
педагогикалық 
шарттары» 
атты 
диссертациясы екенін айта аламыз. А.А.Шарафадин диссертациялық 
жұмысында: «Отбасына жаңа көзқарас қалыптастыруда ата-аналарды, отбасы 
алғашқы тәрбиелеу институты – екеніне және ата-ана не істесе бала соны 
сөзсіз қайталайтынына нандыру, санасына сіңіру – қоғамды әлеуметтік
экономикалық дамытудың, әлеуметтік парасаттылыққа жетудің басты 
шарттарының бірі. Отбасы тәрбиесінің табысты болуы – ата-ананың баланы 
не отбасының ата-анасын педагогикалық кәсіби деңгейге көтеруге ұмтылу – 
іске асыру өте күрделі. Алайда, күнделікті өмірге қажетті деңгейде 
педагогикалық, психологиялық білімнің, іскерлік пен дағдылардың бүгінгі 
күні аса қажет екендігін мойындауымыз керек» - деп, отбасы қарым-
қатынасының тәрбиелік ықпалының үлгісін береді. Ғалымның тұжырымынан 
студенттердің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастыруда 
отбасылық тәрбиелік құрамдас күшіне аса мән беру керектігін байқауға 
болады [127].
Жоғарыдағы ғалымдар еңбектеріне жасалған талдау жалпы 
құндылықтардың бес топқа бөлініп қарастырылатынын көрсетеді: ең 


жоғарғы құндылық (қоғам және адам); материалдық қажетті өмір құндылығы 
(табиғат, еңбек,және т.б.); рухани өмір мен мәдениет құндылығы (ғылыми 
білім, норма, көзқарас, идеал және т.б.); адамгершілік құндылық (шындық, 
жанашырлық, махаббат, достық, қанағаттану, сезім, сүйіспеншілік және т.б.); 
әлеуметтік өмір құндылығы (отбасы, Отан, мемлекет, т.б.). 
Көбінесе ғалымдар рухани - адамгершілік құндылықтарды сапалар 
жиынтығы деп тұжырымдайды. Сапа – объектінің сипаттамасын, оның 
қасиет ретінде көрсететін философиялық категория.
Отбасы адамды қоршаған құбылыстар мен заттар арасында басқа да 
құндылықтарды тудыра отырып, ерекше мәртебеге ие. Отбасын өзіндік 
обсолютті әлеуметтік құндылық ретінде түсіну әлеуметтік қатынастардың 
көрінуі. Отбасы құндылық бола отырып, өзіндік ерекшелігі бар отбасылық 
құндылықтар қатарын және бөлінген қатынастарға жататын құндылық 
сезімдерді тудырады.
Осыған байланысты «әлеуметтік құндылықтар» ұғымын мақсатты жан-
жақты қарастыру қажет, заманауи түсіндіруде «құбылыстар мен заттардың 
маңыздылығы жөніндегі көзқарастарының индивидтің, әлеуметтік топтың, 
тұтас алғанда, қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі; 
адамдардың әртүрлі объектілер мен құбылыстарға қатынасы бойынша 
әлеуметтік-мәдени артықшылығы, индивидтің қажеттілігін қанағаттандыруға 
қабілеттілігі, олардың қызығушылықтары мен мақсаттарына қызмет етуі; 
қоғамдық сананың өнімі болып саналатын және адамзат мәдениетінде 
жсалаған дамгершілік және эстетикалық бұйрықтар» [128]. 
Осы анықтамаларға сүйене отырып, әлеуметтік құндылықтар бұл нақты 
социумның тұтастығын қамтамасыз ететін негізгі нормалар, онда қоғам 
дамуындағы рухани және материалдық игіліктердің маңыздылығы 
көрсетіледі. Әлеуметтік құндылықтардың келесі жіктемесі бар: базалық 
құндылықтар, олар тұлғаның санасы мен мінез-құлқының негізін құрайды; 
терминалды (немесе мақсат) құндылықтар, өмірдің маңызды мақсатын, 
идеалын (мұратын), мәнін көрсетеді. Оларға өмір, отбасы, бостандық, 
қауіпсіздік, білім, материалдық игіліктер жатады; инструменталды 
құндылықтар – нақты мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін нормалар мен 
құралдар, адамның сапасы (тарихи зерде, тарихи естелік, жұмысқа 
берілгендік, сенім, т.б.) [128, с. 213-218].
Сондықтан, жоғарыдағы жіктемеге сүйене отырып, заманауи қоғамның 
саналуан түрлі саласындағы трансформацияланатын үрдістер кезеңінде 
отбасы маңызды әлеуметтік құндылық ретінде қарастырылып, оның қазіргі 
адамдар өміріндегі орны мен рөлі мәселесі ерекше маңызға ие болып, 
отбасын аксиологиялық тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі туындауда.
А.Л.Литвинованың пікірінше, отбасы – мәдени құндылық ретінде 
адамдар қатынасының негізін құрайды, қоғамдық қызметтерді орындау 
құралы ғана емес, олардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, ішкі 
әлемін, эмоциясын бейнелейді. Жарасымды отбасы сыртқы әлеммен де 
үйлесімді, сүйспеншілік пен достыққа, сенімге, туыстық байланысқа 
негізделген, осы тұрғыдан, отбасы адамның тірегі, онда тұлғалық сапалар 


мен бағалау ұстанымын сипаттайтын өмір сүру стилі, іс-әрекеті, 
қажеттіліктері қалыптасады [129]. 
О.И.Воложина отбасын әлеуметтік - мәдени құндылық ретінде 
қарастырады, бір жағынан, жыныстық рөлдік және жынысаралық өзара 
әрекеттестікте әлеуметтік реттеу элементі болса, екінші жағынан, қоғамдағы 
мінез-құлық стандартын сипаттайды: тұлғаның құндылық-мінез-құлықтық 
бағдар негізінде отбасын сақтау ретінде; ата-аналықтың әлсіреуі; туыстықты 
күшейту; этикалық қағидаларды отбасылық өзара әрекеттестіктің 
прагматикалық негіздеріне ендіру; отбасының әлеуметтік қорғалуы мен 
шаруашылық-экономикалық байлығына бағдарлық бағытының күшеюі. 
Өзара байланысты деңгейлер «құндылықты өндірудің» екі деңгейлігін де 
анықтайды. Жеке мінез-құлық саласындағы инновациялық отбасының 
әлеуметтік құндылық мәртебесіне өтуі тұлғалық бағалау, таңдаумен іске 
асырылады [130].
Отбасының әлеуметтік-мәдени құндылықтары екі деңгейде көрініс 
табады:
Әлеуметтік деңгей
отбасының институтционалдық үлгісін, оның 
әлеуметтік маңызын сипаттайды, мұнда отбасын оның әлеуметтік 
ықпалдасуға және жеке әлеуметтік бірліктердің (индивид, әлеуметтік топ, 
тұтас қоғам) қуаіпсіздігіне қосқан үлесі тұрғысынан бағалауға болады.
Жекелік деңгейде 
құндылықтарды қарастыру индивидтің нақты 
таңдауымен байланысты 
 
отбасыға субъективті бағалау қатынасын көрсетеді. 
Бұл деңгейде қоғам әлеуметтік және жекелік көптүрлілікті жүзеге асыру аясы 
ретінде қарасытырлады. Жеке бағалау мен қоғамдық қатынастарды таңдау 
формасы отбасының әлеуметтік мәнін идеологиялық анықтаумен сәйкес 
келеді немесе ажыратылады.
Отбасын әлеуметтік - мәдени құндылықтар ретінде түсінуде 
функционалдық анықталатын әлеуметтік мәнінің индивидтің субъективтік 
қатынасындағы мінез-құлықтың мәдени үлгісін нақты таңдауымен 
үйлесімділігі жайлы айтылады.
Жекелік деңгейде отбасын әлеуметтік құндылық ретінде бағалау 
әлеуметтік-мәдени өзгерістердің сан алуан түрлілігін реттейді. Отбасының 
әлеуметтік құндылығы (мәні) мен тұлғалық құндылығы (нықты мінез-құлқты 
таңдау) арасындағы айырмашылық отбасы трансформациясының негізгі 
себеп-салдары болып табылады. Бұл трансформация қоғамның әлеуметтік 
институты ретінде отбасының нормативтік негіздерінің өзгеру қажеттілігіне 
алып келеді.
Заманауи қоғамдағы отбасының құндылығын анықтайтын жаңа 
феномендердің ішіндегі маңыздылары - отбасылық қатынастағы барлық 
субъектілердің (әйелі, бала, т.б.) теңдігі мен отбасылық қатынас тәсілдерін 
және формаларын уақыттық, статустық, жас ерекшелікке сай, территориялық 
еркін таңдауы, отбасылық өмірді жақсартуы болып табылады. Отбасының 
статустық - рөлдік және функционалдық өзіндік ерекшеліктері, құрылымы, 
әлеуметтендіру кезеңдері жөніндегі базалық теориялық түсініктер 
қалыптасқаны белгілі ( 3- сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет