Нишанбаева сабира зетбековна


мәселені тереңірек зерттеген ғалымдар әдістемелеріне назар  аударылды: - Ш. Шварцтың  «Құндылық сауалнамасы»



Pdf көрінісі
бет47/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

 
мәселені тереңірек зерттеген ғалымдар әдістемелеріне назар 
аударылды:
- Ш. Шварцтың 
«Құндылық сауалнамасы»
 әдістемесі; 
- Р.В.Овчарованың 
«Идеалды ата-ана жөніндегі түсініктері»
 
әдістемесі; 
- М.Рокичтің 
«Құндылық бағдарды анықтау»
 әдістемесі 
алынды. 
Сондықтан зерттеу бaрысындa басшылыққa aлынaтын 
әдiстерг
е нaзaр 
aудaрылып, әрқaйсысынa және олaрды қолдaну aрқылы жүргiзiлген 
жұмыстaрғa қысқaшa сипaттaмa берiледi. Кез келген зерттеу 
бaқылaудaн
бaстaлaды. 
Бaқылaу әдiсi
– студент турaлы мәлiмет aлудың ең тиімді әдіс болып 
табылады. Бақылау диагностикалау, білім берумен қатар, тәрбиелеу, дамыту 
үрдісін атқарады. Оқытушының бақылау үрдісі бірнеше кезеңнен тұрады: 1) 
тексеру (студенттің алған білім, біліктілігі, дағдыларының деңгейін анықтау); 
2) бағалау (стандарттық оқу бағдарламасының талабына сәйкес ЖОО 
студенттерінің білім, біліктілігі мен дағдыларының деңгейін өлшеу); 3) 
ескеру (нәтижелерді универ жүйесіндегі сабаққа қатысуы, ағымдағы бақылау 
бағалары, емтихан балл, сандық жүйеде рейтинг түрінде белгілеу).
Бақылаудың мазмұны оқытудың әр түрлі кезеңдеріндегі дидактикалық 
міндеттермен; оқу пәнінің өзіндік ерекшілігімен, білімалушылардың 
дайындығымен қатар, даму деңгейімен де айқындалады.
Бақылау әдісі – студенттің іс-әрекетіне араласпай сырттай танып біліп, 
зерттеуді де керек етеді. Педагогикалық бақылау арнайы дайындық пен 
білім, дағдыны қамтамасыз етеді. Бақылау алдында қандай мәселелер 
анықтал керектігі туралы жоспар құрылады. педагогикалық жоғары оқу 
орындары студенттерінің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруын 
зерттеу күрделі үдеріс. Себебі жүйелі түрде жүргізілен бақылау әдісі ғана 
жеке тұлғаның ерекшеліктерін сипаттап бере алады. Бақылау обьектілерінің 
сөздері, іс-әрекеттері, мінез-құлық өзгерістері арнайы парақтарға тіркеліп 
дерек көздері ретінде тіркеліп отырылады. 
Сауалнама 
- педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің 
адамгершілік құңдылықтарын анықтауда қолданылатын жазбаша әдіс. 
Сауалнаманың студенттерден көптеген статистикалық материалдар жинау 
барысында ерекше сипатқа ие. Сауалнама респонденттерге тікелей немесе 
жанама түрде үшінші адам туралы мағлұмат жинау үшін алынуы ықтимал.
Бірқатар сaуaлнaмa әдiсi – педагогикалық жоғары оқу орындары 
студенттерін қызықтырaтын сұрaқтaры турaлы ғaнa емес, өзiнiң адамгершілік 
құңдылықтарын бaғaлaуын және т.б. aйқындaуғa көмектеседi. Сaуaлнaмa 
зерттелушілерге aрнaлғaн сұрaқтaрдaн тұрaды. Сауалнаманың екi типi бар: 
жaлпылaмa
және 
тaңдaулы.
 
Сауалнама қандай мәліметтер негізінде нақты 
қорытынды жасауға болатынын алдын-ала болжамдайды.
Құжaттaрды тaлдaу немесе контент-талдау әдiсi – сaндық және сaпaлық, 
мәліметтердің кездесу жиілігін анықтауға мүмкіндік береді.


Контент-талдау процесінің негізгі қиындық зерттелген құбылыстардың 
немесе сипатталатын мәтіндегі сәйкес индикаторларды табуға көмектесетін 
процедураларды анықтау, оны өлшеу және адекватты түрде нәтижесін жасау.
Контент-талдауының категориясы деп алынатын зерттеулердің кілттік 
концептуалды ұғымдарын қалыптастыру және алынған сандық мәліметтердің 
статистикалық өңдеуге жіберілген зерттеу мақсатына сай нәтиже шығаруы. 
1. Зерттелетін сапалық белгілер бір реттік сипатта болуы керек және 
құжатта едәуір жиілікте кездесіп отыруы қажет. 
2. Зерттелетін материал қосындылары бағалауын мүмкін болмайтындай 
дәрежеде көп болуы керек. Әсіресе, құжаттар жүйелік емес сипатта болғанда. 
Контент-талдауға сапалық бірліктеріндегі категорияларды жатқызуға 
болады. Контент - талдау категориясы ретінде зерттеудің концептуалды 
схемасын құратын кілтті ұғымдарды қарастырамыз. Категориялар неғұрлым 
ұсақ, сапалық бірліктерге яғни шағын категорияларға бөлінуі мүмкін []. 
Категориялардың индикаторлары бұл сәйкес категориялар мен 
подкатегориялардың сапалық белгісі, референтті ретінде көрінетін мазмұн 
бірліктері. 
1. Ш. Шварцтың «Құндылық сауалнамасы» әдістемесі бүгінгі студент 
үшін өте маңызды (өмірлік құндылықтарға басшылық жасаушы) 
құндылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Тұлғаның аксиосферасы екі 
деңгейлік құрылымға ие, тұлғалық құндылықтар аксиосфераның тұрақты 
немесе динамикалық құраушыларына жатады. Осы сапа қасиетті бағалау 
үшін бұл әдістемеде «тұрақтылық» шкаласы анықталған. Тұлғалық 
құндылықтар адам өміріндегі жете ұғынылған мәнді жүйе. Мәнділік деңгейде 
бұл құндылық биполярлы сипатқа ие, яғни жағымды (оң) және жағымсыз 
«теріс) мәнділік ретінде бөліп көрсетуге болады. Ш.Шварц мотивациялық 
типтегі он мақсатты бөліп көрсетеді: билік, жетістік, гедонизм (адамның 
рақат тұрмысқа тырысуын зерттейтін көне грек ілімі), ынталандыру, 
дербестік, әмбаптық, мейірімділік, дәстүр, конформдық, қауіпсіздік. 
Сонымен бірге оларға мазмұндық сипаттама береді [205]. 
2. Р.В.Овчарованың «Идеалды ата-ана жөніндегі түсініктері» әдістемесі 
тұлғаның когнитивті, эмоционалдық, мінез-құлықтық аспекті бойынша 
түсініктерін айқындауға көмектеседі. Онда когнитивтік көрсеткіш идеалды 
ата-ана жайлы түсінігін (ол не ойлайды); эмоционалдық көрсеткіш идеалды 
ата-ананың іс-әрекеті, көңіл күйі туралы түсінігін (ол не сезінеді); мінез-
құлықтық көрсеткіші ата-ананың мәдениеті жөніндегі түсінігін (ол не істейді) 
анықтайды. Автор ата-аналықты психологиялық феномен ретінде қарастыра 
отырып, оның құрамы ерлі-зайыптылардың құндылық бағдары (отбасы 
құндылығы), ата-аналық ұстаным, ата-аналық қарым-қатынас пен ата-аналық 
сезім, ата-аналық жауапкершілік, отбасылық тәрбиенің стилінен тұрады деп 
есептейді. Отбасылық құндылықтың ерекшеліктері эмоция, сезім, сенім және 
мінез-құлық көріністерінің жиынтығының мәнін сипаттайды [206].
3. М.Рокичтің «Құндылық бағдарды анықтау» әдістемесі адамның әр 
түрлі қажеттіліктері мен мүдделеріне, қалауларына байланысты қалыптасу 
ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді. Ол өзі ұсынған құндылықтарды 


анықтау типологиясында құндылықтарды екі топқа бөліп көрсетеді: 
терминалды құндылықтар
- өмірде белгілі бір мақсатқа жетуге талаптану 
сенімі, яғни адамның мақсатына және оған талаптануға, жетуге деген 
сенімдері; 
инструменталды құндылықтар
– белгілі бір әрекет үлгісіне деген 
сенімі, басқаша айтқанда, тұлғаның кез келген жағдайдағы әрекеті, өзіне тән 
ерекшелігі, сенімі. Бұлай бөлу құндылық-мақсат және құндылық-құрал деп 
жіктеуге сәйкес келеді. Терминалдық құндылықтар инструменталдық 
құндылықтарға қарағанда тұрақты сипатқа ие [207] .
Біз тәжірибелік-эксперименттік барысында зерттеу контекстімізге 
сәйкес келетін Ш. Шварцтың «Құндылық сауалнамасы», М.Рокичтің 
«Құндылық бағдарды анықтау», Р.В.Овчарованың «Идеалды ата-ана 
жөніндегі түсініктері» әдістемелерін қолдандық.
Осы сапа қасиетті бағалау үшін бұл әдістемеде «тұрақтылық» шкаласы 
анықталған. Тұлғалық құндылықтар адам өміріндегі жете ұғынылған мәнді 
жүйе. Мәнділік деңгейде бұл құндылық биполярлы сипатқа ие, яғни 
жағымды (оң) және жағымсыз «теріс) мәнділік ретінде бөліп көрсетуге 
болады. Ш.Шварц мотивациялық типтегі он мақсатты бөліп көрсетеді: билік, 
жетістік, гедонизм (адамның рақат тұрмысқа тырысуын зерттейтін көне грек 
ілімі), ынталандыру, дербестік, әмбаптық, мейірімділік, дәстүр, конформдық, 
қауіпсіздік. Сонымен бірге оларға мазмұндық сипаттама береді [208]. 
Қазіргі 
заманғы 
әлеуметтік-мәдени 
өзгерістер 
жағдайында 
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастыруды зерделеу тәжірибелік-эксперименттік 
жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Анықтау экспериментінің алғашқы кезеңінде педагогикалық жоғары оқу 
орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын анықтау 
мақсатында
 
респонденттерден (бақылау тобы - 55 студент, эксперимент тобы 
– 65 студент) сауалнама алынды. Бақылау тобын Алматы университетінің
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығының 3-4 курс 
студенттерін қосқанда 55 студентті құрады. Эксперимент тобын Абай 
атындағы 
ҚазҰПУ 
5В010300 

«Педагогика 
және 
психология» 
мамандығының 3-4 курс студенттерін қосқанда 65 студентті құрады. 
Аталмыш студенттерге салыстырмалы бақылау жүргізу мақсатында 
сауалнамалар өткізілді.
 
Бұл зерттеуде педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің 
отбасы - адамгершілік құндылықтарын анықтау үшін респонденттерге 
арнайы құрастырылып жүргізілген сауалнама негізінде зерттеу жүргізілді 
(10-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет