Нишанбаева сабира зетбековна


Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-



Pdf көрінісі
бет58/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

2.3 Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың әдістемелік кешені 
 
Қaзaқстaн Республикaсындa бiлiм берудi дaмытудың 2016–2019 
жылдaрғa aрнaлғaн мемлекеттiк бaғдaрлaмaсындa: «Бiлiм aлушылaрдың 
прaктикaлық дaғдылaрын дaмыту үшiн оқу жоспaрлaрындaғы кәсiптiк 
прaктикaның үлесi 60 %-ғa дейiн ұлғaятын болaды» - деп ерекше белгіленуі 
болашақ педагогтардың кәсіби шығармашылық белсенділіктері артып, 
отбасы – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ететін 
педагогикалық және өндірістік практикаларының маңызы зор екендігін 
көрсетеді [210].
Осыған байланысты 
оқу тәжiрибесi 
болaшaқ педагогтарды кәсiби 
дaярлaу жүйесiндегi мaңызды мәселелердің бiрi. Ол студенттi теориялық 
оқыту мен оның болaшaқтa өздігінен әрекет етуге әзiрлiгiнiң aрaсын 
бaйлaныстырушы. Оқу тәжiрибесiн ұйымдaстыру мен өткiзу – оның дaмуы 
мен қызметiнiң жоғaры деңгейiн қaмтaмaсыз ететiн бaрлық құрaмa 
бөлiктерiнiң өзaрa бaйлaнысымен, кiрiктiрушiлiгiмен сипaттaлaтын бұл бiр 
тұтaс үдерiс [211]. 


БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары):
баспасөз, радио, теледидар, 
сияқты көптеген каналдардың біртұтастығы, олар журналистика мен 
аудиторияның арасындағы байланыстырушы болып табылады және 
журналистиканың басты құралы ақпарат беруді пайдалана отырып, көптеген 
міндеттерді шеше алады [212]. 
Жоғарыдағы бөлімде айтылғандай, педагогикалық жоғары оқу 
орындары 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың бастапқы деңгейін айқындау жоғары оқу орнының тұтас 
педагогикалық үдерісінде жүзеге асырылды.
Осыған орай зерттеу контекстімізде педагогикалық жоғары оқу 
орындары 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың
 әдістемелік кешенін 
жасау міндет етіп алынды.
Әдістемелік кешен болaшaқ ұрпaқты тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің 
зaңдылықтaрын зерттейді. 
«Кешен» 
комплекс (лат. complexus – байланыс, үйлесім) – 
біртұтастықты құрайтын заттардың, құбылыстардың, белгілердің жиынтығы, 
сондай –ақ, жекеленген психологиялық және педагогикалық үдерістерді 
біртұтас етіп біріктіру деген мағынаны білдіреді [213].
Сондықтан әдістемелік кешен педагогикалық үдеріс және оның 
тұтастығын құрайтын логикалық байланысты әрекеттер жиынтығын түсінуге, 
игеруге бағытталады.
Осы орайда педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің 
болашақ маман және ата-ана ретінде ғылым салаларынан алған білімдеріне 
сүйеніп, дүниетанымдық көзқарастарын, сенімін сақтай отырып, ой-
тұжырымдары мен пікірлері, әлеуметтік тәжірибесін жетілдіру арқылы 
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру 
әдістеме дайындаудың 
мәнін 
айқындайды.
Бұл ұсынылып отырылған әдістемелік кешенін
педагогикалық жоғары 
оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастыруда
 
студенттің қоршаған ортаға, соның ішінде отбасын, отбасы 
мүшелеріне қатынасы бойынша жаңа құндылық бағдарды игеруге, 
отбасылық әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік 
тәжірибесін қалыптастыруға бағытталады. 
 
Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің 
отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда
 
оқу және оқудан тыс 
іс-әрекет түрлерінің диалектикалық бірлігін саналы түсінуін және 
қамтамасыз ету, практикалық іс-әрекетте, атап айтқанда, отбасылық 
мәселелерді шешудегі әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру 
әдістемелік 
кешеннің басты мақсаты 
болып саналады. 
Сонымен педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы - 
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үшін дайындалған әдістемелік 
кешені «Қазіргі заманғы отбасының құндылықтары» атты элективті курс 
бағдарламасы мен «Студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастыру негіздері» атты оқу-әдістемелік құралынан, сонымен бірге 
отбасы-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу деңгейін анықтауға 


мүмкіндік беретін және осы бағытта ұйымдастырылатын «Отбасылық өмірге 
дайындаудағы психологиялық тренингтер» топтамасынан тұрады.
Зерттеу барысында дайындаған әдістеменің ««Қазіргі заманғы 
отбасының құндылықтары» элективті курс педагогикалық жоғары оқу 
орындары студенттеріне арналады. Ол элективті курс бағдарламасы бойынша 
оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесі құрастырылып, оқу-тәрбие үдерісінде 
студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал 
ететін жүйелі педагогикалық іс-әрекеттер белгіленді. 
Жастарды отбасылық өмірге дайындаудың әртүрлі формалары бөліп 
көрсетіледі: 
- кешенді, пәнаралық тұрғыдан нақты пәнді оқыту арқылы отбасылық 
өмірге дайындауды ұйымдастыру (В.И.Барский, К.К.Баздырев, Б.Т.Лихачев); 

отбасылық мәдениет пен ұлттық университет лекториясы 
(К.К.Баздырев); 
- отбасы қызметі мен әлеуметтік институттардағы отбасы сұрақтары 
бойынша ақыл-кеңес; 
- арнайы пәндерді оқыту: «Отбасылық өмірдің этикасы мен 
психологиясы» (И.В.Гребенников, С.В.Ковалев, Т.А.Флоренская); «Әйелдер 
әлемі» (С.И.Зырянова); «Отбасылық өмір этикасы» (М.В.Шепель) [214]. 
Сонымен бірге бүгінде «Отбасынтану», «Отбасылық қарым-
қатынастың этикасы мен психологиясы», «Отбасылық өмірдің адамгершілік 
негіздері», «Отбасылық өмірге дайындау» факультативтік курстарды мектеп 
қабырғасында, ал жоғары оқу орындарында «Отбасы педагогикасы мен 
психологиясы» пәндерін оқыту тәжірибесі қалыптасқан.
«Қазіргі заманғы отбасының құндылықтары» элективті курсын оқыту 
тәжірибесі, 
практикалық 
тұрғыдан 
студенттерді 
отбасылық 
өмір 
құндылықтарына 
тартудың 
және 
отбасылық 
мәселелерді 
шешуге 
араластырудың тиімді технологияларын оқу-тәрбие үдерісіне ендіру және 
апробациядан өткізу студенттерді отбасылық өмірге араластырудың 
шығармашылық формасы мен әдістерін өзектендіру педагогикалық жоғары 
оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
«Қазіргі заманғы отбасының құндылықтары» элективті курсының 
мақсаты 
- отбасылық құндылықтар негізінде студент жастарды отбасылық 
өмірге дайындау, отбасын құруға конструктивтік қатынасын және ата-аналық 
жауапкершілігін, 
отбасылық 
құндылықтарға 
позитивті 
қатынасын 
қалыптастыру. 
Элективті курстың міндеттері: 
- пәнаралық категория ретінде отбасы, құндылық феномендерінің мәнін 
ашып көрсету; 
- отандық және шетелдік философия, әлеуметтану, психология, 
педагогика ғылымдарында отбасы мен құндылықты зерттеудің теориялық 
тәсілдеріне мазмұндық талдау жасау; 
- адамның тұрақты және табысты дамуы үшін отбасының маңызы, 
отбасылық құндылықтар жөніндегі түсініктерін қалыптастыру; 


- отбасылық құндылықтарды зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыру. 
- қазақстандық қоғамның негізі ретінде отбасына қарым-қатынасты 
нығайту; 
- ата-анаға, үлкендер мен кішілерге сыйласымдық, қамқорлық қарым-
қатынасын нығайту; 
- отбасылық өмірдің адамгершілік құндылықтары: сүйіспеншілік, 
жақсы көретін адамына қамқорлық, тұқымды жалғастыру, отбасы 
мүшелеріне рухани және эмоциялық жақындық, өзара түсіністік пен өзара 
көмек, туыстық қарым-қатынас, т.б. жайлы түсініктерін кеңейту; 
- өз отбасының әлеуметтік-психологиялық әл-ауқаты жөніндегі 
қамқорлығының алғашқы тәжірибесін қалыптастыру; 
- өз отбасының дәстүрін, өз халқының мәдени – тарихи және этникалық 
дәстүрін, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықтарының отбасылық 
дәстүрін білуі;
- отбасылық мәселелерді шешудегі құзыреттілігін қалыптастыру; т.б.
«Қазіргі 
заманғы отбасының құндылықтары» курсын оқыту 
нәтижесінде 
студент білуі керек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет