Нисипкуль Салимова, Алматы қаласындағы «бэст» ҚҚ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті



Дата01.06.2017
өлшемі64,01 Kb.
#17328
Нисипкуль Салимова,

Алматы қаласындағы

«БЭСТ» ҚҚ мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі



Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
Cабақтың тақырыбы: Д. Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас!»

Білімділік мақсаты:

Оқушылардың Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын – жыраулар поэзиясының рөлі туралы білімдерін кеңейту, жыраулар поэзиясының көшпелі халық өмірінің айнасы екенін түсіндіру, Д. Бабатайұлының өмірі жайлы мәлімет беру, өлеңінің идеялық мазмұнын ашу.



Дамытушылық:

Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін арттыру, ауызекі сөйлеуді дағдыландыру,сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.



Тәрбиелік:

Оқушыларды қазақ халқының тарихына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке баулу, адалдыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.



Түйінді идеялар: Жырау шығармалары әдетте нақыл, қанатты сөздерден құрылған философиялық толғаулар түрінде келеді. Өздері өмір кешкен жаугершілік заман талабына сай ғұмыр кешкен жыраулар ерлік сарынды отаншыл жырлар туғызады.

Оқыту нәтижелері: Жыраулар поэзиясы туралы түсінеді, қазақ хандығы дәуіріндегі ақын – жыраулар поэзиясының басты тақырыптарын ашады,жыраулар қолданған көркемдік тәсілдерді меңгереді.

Дереккөздер: оқулық, кестелер, интерактивті тақта, стикерлер, бағалау парағы.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

  • «Ой қозғау» стратегиясы. Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Бір- біріне тілек айтқызу.Топқа бөлу,кестелерді, стикерлерді, бағалау парағын тарату, топ басшысын тағайындау (әрі қарай топ басшысы критерийлер бойынша өзін – өзі және басқаларды бағалап отырады).

  • «Миға шабуыл» стратегиясы. Сұрақ – жауап арқылы үй жұмысына шолу жасау. Ойлау жұмысына ынталандыру.

  • Жырау деген кім?

  • Қандай жырауларды білесіңдер?

  • Жыраудың жыршыдан қандай айырмашылығы бар?

  • Толғау қандай сипаттағы шығарма?

  • Жыраулар поэзиясының құндылығы неде?



ІІ Сабақтың міндеті мен мақсатын түсіндіру.

ІІІ Жаңа сабақ

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қазақ хандығының пайда болуы мен қалыптасуында мемлекеттік құрылым болған Қазақ Ордасын басқарған хандар есімімен ақын – жыраулар есімі тығыз байланысты. Жыраулар өлең – толғауларында хандық үкіметті нығайту,елдің бірлігін, қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Сондай ақын –жыраулардың бірі – Дулат Бабатайұлы – қазақ халқының әдебиетінде елеулі орын алады.Ол – заман туралы, халқының мұңы мен зарын, арманы мен қиялын жаны ауыра жырлаған ақын.

Слайдтар арқылы сөздік жұмыстар жүргізіледі.

Оқулықпен жұмыс.

«О, Ақтан жас, Ақтан жас!» өлеңін мәнерлеп оқу.

Бұл өлең жетім бала Ақтанға арналады. Демек, арнау өлең. Ақын бала болашағына көз жүгіртіп, мақсатына жету үшін қажымай – талмай күресу керек екенін айтады, оған деген сенімін білдіреді.

Дәптермен жұмыс.

Өлеңнің идеясы. Ақын – жырау жас баланы еңбек етуге, білімге шақырады.



  • «Ой – толғаныс» стратегиясы.

- анализ, оқушылар өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтер арқылы жеткізеді;

- синтез, оқушылар бір – бірімен ой бөліседі.



  • Жеке жұмыс INSERT. Кесте толтыру.Жеке жұмыс арқылы оқушылар өз білімдерінің деңгейін саралайды. Топта өзара бағалау парағы арқылы топ мүшелері бірін – бірі бағалайды.

ІY Сабақты бекіту.

Блиц – турнир сұрақтарына жауап беру:

  • Қазақ хандығы кезіндегі жыраулардың орны туралы не айта аласыңдар?

  • Дулат Бабатайұлы туралы не білдіңдер?

  • Дулат қандай ақын – жырау?

  • Дулат Бабатайұлының қандай өлеңдерін білдіңдер?

  • Дулат өлеңдерінің негізгі тақырыптары қандай?

  • «О, Ақтан жас, Ақтан жас!» өлеңінде қандай құпия жатыр?

Кубизм әдісін қолдану:

Суреттеу. Дулат Бабатайұлы – реалист ақын. Ақын өлеңдерінің ерекшелігі.

Салыстыру. Дулатты Абайдай ақынның ұстазы деуге болады.

Дулат пен Абайдың өлеңдеріндегі ұқсастық.

Қолдану. Өлеңнен үзінді оқу.

Талдау. Өлеңнің көркемдік ерекшелігі.

Талқылау. Жыраулар жырының маңызы, болашағы.

Ү Сабақты қорытындылау

Оқушылардың білімін бағалау



YI Үй тапсырмасы: «О,Ақтан жас, Ақтан жас!» өлеңінен үзінді жаттау.

ҮІI Рефлексия кезеңі:

Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет