Нитрлеу реакциясы. Органикалық қосылыстарды физикалық әдістермен зерттеу Комплекс қосылыстардың пайдалануы


)Органикалық қосылыстарды физикалық әдістермен зерттеу



бет2/4
Дата18.12.2021
өлшемі74,91 Kb.
#103008
1   2   3   4
Байланысты:
Сах Ғалия Синтез 2топ 1 топша
509538, 509538, 509538, 509538, 9-сынып. 2 практикалық жұмыс, 9-сынып. 2 практикалық жұмыс, 6А сынып психолог, физхим 1 Аружан
54)Органикалық қосылыстарды физикалық әдістермен зерттеу

Органикалық заттың тазалығы туралы мағлұмат алу үшін, оның сапалық (элементті) және сандық құрамын тағайындап, физикалық константаларын (балқу температурасын, қайнау температурасын, тығыздығын, сыну көрсеткішін) анықтайды. Жаңа оргаикалық заттың құрылысын анықтау үшін химиялық, физико-химиялық немесе физикалық әдістерді қолданады.

Органикалық затардың физикалық константаларын анықтау.

Заттардың физикалық константалары оның химиялық құрамына және тазалығына тәуелді болады. Таза және қоспа заттардың балқу температуралары бірдей болмайды. Қоспа заттар әр уақытта таза заттардан бірнеше градус төмен температурада балқиды.

Сұйықтардың қайнау температурасын айдау жолымен анықтайды.

Сұйықтықтың меншікті салмағын анықтау.

Меншікті салмақты анықтау үшін пикнометр қолданылады. Пикнометр деп аузына дәл және тура келетін капилляры бар тығынмен жабдықталған немесе сұйықтың деңгейі келетін жері сызықшамен белгіленген мойны жіңішке колба.

Органикалық заттарды физикалық әдістермен зерттеу.

Соңғы уақытта органикалық қосылыстардың құрылысын зерттеу үшін әртүрлі физикалық әдістер қолданылады. Атап айтқанда: хроматография, спектроскопия, колориметрия және тағы басқалары.

Органикалық қосылыстарды тазалау және бөлу.

Органикалық реакциалар бір бағытта сирек жүреді, сөйтіп негізгі өніммен қоса қосымша өнімдер түзіледі. Сондықтан органикалық заттардың қасиетін зерттеместен бұрын, оларды әр түрлі қоспалардан тазарту қажет. Органикалық қосылыстарды тазалау олардың агрегаттық күйіне байланысты әр түрлі әдістермен жүргізіледі.

Қатты органикалық қосылыстарды қайта кристалдандыру және возгонкалау, ал сұйық заттарды айдау, экстракциялау арқылы тазалайды.

Органикалық қосылыстардың сапалық анализі

Органикалық заттардың сапалық құрамы оның молекуласындағы қандай заттар бар сонымен сипатталады. Органикалық қосылыстарда көміртегіден басқа сутегі, оттегі, азот, күкірт, галогендер, фосфор болады. Органикалық қосылыстардың құрамына енетін заттар бейорганикалық және аналитикалық химия әдістерімен анықталады.

Егер зерттелетін затта альдегид тобы болмаса, кетон тобын натрий гидросульфитімен анықтайды. Сонда кристалды тұнба – кетонның гидросульфитті туындысы түзіледі.

Спирттер


а) Бір атомды спирттер металл натриймен әрекеттескенде, сәйкес алкоголяттар түзіледі және сутегі газы бөлінеді

ә) Көп атомды спирттерге мыс сульфатымен әсер еткенде, қою көк түсті мыстың глицераты (немесе гликоляты) түзіледі.

Аминдер

а) Суда еритін аминдерді сулы ерітінділерін индикатор мен зерттеу арқылы анықтайды. Олар сілтілік реакция береді.

е) Суда ерімейтін аминдерді тұз қышқылының 5%-тік ерітіндісінде еріту арқылы анықтауға болады.
3БЛОК



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет