Ниятхан Құндыз



Дата17.02.2022
өлшемі138,33 Kb.
#132130
Байланысты:
Ниятхан Құндыз реферат
техникалық карта, Кукык, 722 pTV, Работа над эссе

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті




СОӨЖ

Тақырыбы: Түркі халықтары ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы ( Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Ж. Баласағуни және т.б.

Орындаған: Ниятхан Құндыз
Тексерген: Хамза А.Т.

Жоспар:

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Әбу Насыр әл-Фараби (өмірбаяны, еңбектері)

  • Қожа Ахмет Иассауи (өмірбаяны, еңбектері)

  • Қорытынды


Тарих – бір күнде зерттелетін іс емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Сондықтан тарихшылар көп ізденіп, ежелгі дәуірден сақталған тарихи деректерді мұқият зерттей отырып, адамзат баласының өткен тарихын жазады.
Ислам әлемінде VIII-XV ғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтар мен әдеби туындылар әлем мәдениеті мен өркениетінің дамуына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен акындарының туындылары Ислам өркениетіне тендессіз үлесін қосты. Ислам өркениеті мен мәдениетінің iрi орталықтары болған Tapaз, Отырар, Сығанақ, Түркістан, Сайрам қалаларында мешіттер мен медреселердiн жанында iрi кiтапхана қорлары болды. Бұл кітапханаларда дін ғылымы, философия, әдебиет, жаратылыстану ғылымдарының көрнекті майталмандары колжазбаларды шығарумен айналысты. Бұл колжазбалар мен кітаптар Ислам дінінің iлiмдiк негiздерi, дiн тарихы, пайғамбарлар өмірі, хадис ілімі, мұсылмандық шарттар, Ислам ахлагы (көркем мінез-құлық), дiни аныздар мен хикаялар туралы баяндайтын.
Тарихта ойып тұрып орын алған шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келген. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Ол бала кезінен сол дәуірдегі өркениет пен мәдениеттің ірі орталықтары саналған Бұхара, Самарқан, Мерф, Бағдат, Харран, Рей, Каир, Алеппа, Шап қалаларында болып, үнемі білімін жетілдіріп тұрды. Жасөспірім шағында елге келген керуенмен ілесіп, Бағдатқа барады. Әл-Фараби сауатын түркі тілінде ашып, өзін ақын-күйші, әнші ретінде танытқан. Ғұламаның өлеңдерінен үзінділер де сақталған және күйшілігі туралы деректер де кездеседі. Әл Фараби өмір сүрген заманда бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болғандықтан, халық қарым-қатынас жасау үшін араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Солар секілді Фараби де бірнеше тілдерді жетік меңгерген.
Ол өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды. Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ және мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.

Аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауи (1103-1228) артына мән-маңызы өшпейтін елеулі де асыл мұралар қалдырды. Ол Ясы қаласында дүниеге келген, оның ата-анасы ерте жасында қайтыс болды. Баланың ұстазы Арыстан баб өмірден озған соң, 17 жасында Ясы қаласына қайтып оралды. Осы кезден бастап араб, шағатай, парсы және түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастады. Бұхара қаласындағы имам Юсуф Хамадани медресесін оқып бітірген. Өз уағыздарында адамдарды адалдыққа, шыдамдылыққа және тақуалыққа шақырған. Оның шығармалары көпшілікке танымал болды, Орта Азия халықтары оларды жатқа білген. Пайғамбар жасына келгеннен кейін, 63 жасында өмірінің соңғы жылдарын жер асты мешітінде өткізді. 1166 жылы дүниеден өтіп, ұлы әулиеге арнап салынған кесенеге жерленді. Кейінірек Әмір Темір, ескірген кесененін орнына үлкен мемориалдық кешен салуға шешім қабылдап, жаңартып салынған еді.


Ол өздігінен білім алып, көп ізденген ойшылдың бүгінгі күнге дейін «Логика, «Метофизика», «Этика», «Саяси және әлеуметтік философия», музыка мен медицинаға арналған жүзден астам трактаттары сақталған. Ол ең алғаш болып музыканы математикалық негізде жүйелеп, оны ғылымның бір бағыты ретінде көрсеткен данышпан. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады.
Қ.А. Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты бізге жеткен мұраларынан көрінеді. Ясауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатының халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды.
«Диуани хикмет» атты өлең тілімен жырлайтын туындысы қанша ғасырлар өтсе де, өзінің өміршең құндылығымен мұсылман әлемінде жарық жұлдыздай ел-жұртқа аумас бағыт беріп келеді. Бұл аты шулы жинақ несімен құнды, оның мәңгілігі неде десек, ең алдымен, оның терең адамгершілікке құрылған дүнияуи мәселелердің сыр-сипатын айқара ашып түсіндіріп, бұл өткінші жалғанда неден үйреніп, неден жиіркену жолдарын көрсету деп жинақтай айтуға болар еді. Ал, тарата бағамдасақ, адам өміріндегі әр алуан қарым-қатынас: мансап пен нәпсі, қорлық, байлық пен кедейлік, әділеттік пен зұлымдық, ынсап пен қанағатшылдық, адамгершілік пен ізгілік, тәубашылдық пен имандылық секілді меселелердің сыр-сипатын ұғып білу арқылы Алла Тағаланы танудың жолдарын саралау, соған шын көңілден мойынсұну көріністері дер едік. Осы талаптарға орай ғұлама-ақын бұл өмірдің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын (мәңгілігін) өз ара қарапайым тілмен салыстыра отырып, адалдық пен әділдіктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың, тәубаға келу мен кешірімділік, адамгершіліктің имандылыққа бастайтынын бұлтартпас дәлелдер арқылы айғақтайды. Бұларға қарсы жауыздық пен зұлымдық, өтірік-өсек, надандық пен тойымсыздықтың кешірілмес күнә екеніне де зер сала үңіледі. Осы соңғылардан арылу, тазарудың міндет-мақсаттарын ашып пайымдауға да ол үлкен мән береді.
Қортындылай кетсек, түркі ойшылдарының шығармашылық iзденiстерiнiң негiзiгi арқауы ислам мәдениеті мен ислам құндылықтары болып табылады. Өйткені түркі ойшылдарының өмiрi мен шығармашылық қызметi ислам мәдениеті мен өркениетінің аясында өрбіген еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет