Ниязов Банктен келісім шарт бойынша кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін 10 млн теңге несие алады



Дата20.12.2022
өлшемі16,86 Kb.
#163414
Байланысты:
азаматтық 4
Силлабус ПЖЭХ 1504-11, 1507-11,21,31, саясат, Scan 14 мая 22 · 00·23·19, бөж, философия Эссе, әлеуметтану, азаматтық 3, 598978, Ералиев Ерсұлтан , 8-ші сабақ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
Заң” факультет
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу” кафедрасы

СӨЖ



Тақырыбы: Азаматтық құқықтан есептер шығару
Қабылдаған: Блашева М.Т
Орындаған: Ауесбек А
Тобы: ЮМ-21-1к6

ШЫМКЕНТ 2022
1-есеп.
Ниязов Банктен келісім шарт бойынша кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін 10 млн теңге несие алады. Банктің талабын орындай отырып, ол міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету үшін өз отбасымен тұрып жатқан пәтерін кепілге береді. Бір жылдан кейін Ниязов қызметі бәсеңдегеніне байланысты банкке ай сайынғы қарыз сомасын және пайыздарын төлеуге шамасы болмағандығын білген соң, жұбайына бұл туралы айтуға мәжбүр болады. Ниязовтың жұбайы Банкке барып, кепіл туралы келісімді жоюды талап етеді, себебі пәтер жұбайылық ортақ мүлік болып танылады, ортақ мүлікпен мәмілелерді тек барлық меншік иелерінің келісімімен жасалуға тиіс, ал ол болса бұл мәміле туралы білмеген де, келісімін де бермеген. Банктің қызметкері оған келісім шарт тиісті екі тараптың келісімімен жасалғанын, Ниязов бұл шартқа есі дұрыс кезінде, өз еркімен қол қойғандығын, ал оның жұбайы бұл міндеттемеге еш қатысы жоқ екендігін мәлімдейді.
Жағдайды саралаңыз. Ниязовтың жұбайы кепілмен қамтамасыз етілген банктік қызмет көрсету келісім шарты бойынша туындаған мәіндеттемеде тарап болып таныла ма, әлде оның құқықтық жағдайы басқадай ма?
Үшінші тұлғалар деген кімдер?
Жауабы: Ниязов яғни кәсіпкерлік мақсатта 10 млн тенге шамасында несие алды. Ол несиеге қол қойылған сон ол несие төленуі міндетті болып табылады. Оған бір тарап қол қойса отбасының басқа мүшелері де қатысы болады. Отбасының басқа мүшесінің қатысы болсын болмасын оның ері қол қойса болды. Өйткені процесс орындалып қойды. Ниязов белгілі сумманы төлеуге мәжбүрлі. Егер кредит төленбейтін болса онда амал жоқ соттың қарауына өтеді.
2-есеп.
2016 ж. 15 мамырда «Алып Банк» несие алушы дара кәсіпкер Батаевтан өндіріп алынбаған 1 млн 500 мың теңге несие сомасын сессия бойынша «Борышкерлерден қарызды өндіріп алу» ЖШС-на талап қою құқығын ауыстырды. Бірақ борышкерге кредиторды ауыстыру туралы хабарлама берілмеді. Батаев қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты 2015 ж. наурыз айынан бастап ай сайынғы негізгі қарызды қайтару сомаларын және банктің айлық сыйақыларын төлеуге шамасы болмады. Ал 2016 жылдың шілде айынан бастап ол банкке борыштарын өтеуді жалғастырып, ай сайын шартта көзделген кесте бойынша тиісті сомаларды банктің есебіне төлеп тұрды. 2017 ж. қаңтар айында «Борышкерлерден қарызды өндіріп алу» ЖШС-і сотқа Батаевтан 1 млн 500 мың теңге негізгі қарыз, 300 мың теңге банктің сыйақысын және 300 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арыз береді. Батаев талапты мойындамай, «Борышкерлерден қарызды өндіріп алу» ЖШС-ін тиісті емес талапкер деп тануды мәлімдеп, «Алыпбанкке» қарыздарын тиісті мөлшерлерде төлеп жатқандығы туралы құжаттарды келтіреді.
Сот қандай шешім шығару қажет?
Жауабы: Батаев өзіне белгіленген мөлшердегі кредит сомасын уақытылы төлемегеніне байланысты оған айып салынады. Төлемеген уақыты үшін өсімпұл жүреді.Батаев талапты орындап тиісінше қаражатты төлеуге міндетті.

3-есеп.
Қайнар» сауда ұйымы акционерлік қоғамнан көтерме сауда бойынша 1 млн теңгеге сапалы да қымбат ыдыс-аяқ сатып алу туралы келісім шарт жасасады. Бұл тауарды көтерме саудамен айналысатын АҚ автокөлікке тиеп алып келіпті. Тауарды қабылдау барысында көптеген фарфор, хрустальдан жасалған ыдыстар сынып немесе шытынап кеткендері анықталды, бүлінген ыдыстардың жалпы сомасы 500 мың теңгені құрады. Мұндай нәтижелердің орын алуы тасымалдаушы шыны бұйымдарды тиеп тасымалдау бойынша ресми бекітілген мемлекеттік стандарттарды сақтамауы болып шықты, себебі шыныдан жасалған ыдыстарды арнайы қораптарға салып, әрбір ыдыстың бүлінбеуін қамтамасыз ететін қосымша шараларды қолданбапты. Оның орнына ыдыстар жүк тасымалдаушы автокөліктің ішіне жаппай үйіліп тиеліпті.


Келтірілген шарттық міндеттеме бойынша қалыптасқан жағдайды талдаңыз. Сатушы өз міндеттерін тиісінше орындады ма? Тиісінше орындамаса, бұл тиісінше орындау қағидатының қандай көрінісі болып табылады?
Сатып алушыға келтірілген шығындарын өтеу жолдарын саралаңыз.
Жауабы: Егер сатушы сатып алушыға жіберген тауары үшін оның аман есен баруын да қамтамасыз ету қажет. Сатып алушы қабылдамай возврат жіберуге мүдделі. Тауарды апарушы бүлінген заттар үшін жауап береді. Сатушы тарап тауарды жеткізушіден сұрай алады, және сол тараптан өндіре алады.
4-есеп.
Мақанов Сармановтан автокөлік сатып алады, шартты жазбаша рәсімдеп, оның мазмұнында автокөлік үшін шарт жасасу кезінде жарты бағасын қолма-қол беруді, ал қалған жартысын келесі 6 айдың ішінде 300 мың теңгеден ай сайын төлеп беруге келіскен. Сонымен қатар, келісім шарттарының тағы бір тармағы бойынша айлық төлемдерді кешіктіріп беру үшін төлеуге тиісті соманың 10 пайызы мөлшерінде айып төлеу көзделген. Мақанов шарт жасасқаннан кейін 3 ай бойы қарызының тиісті бөліктерін төлемеген, 4-6-шы айларында 400 мың теңгеден төлеп тұрды, ал қалған 600 мың теңгені тек тағы 6 айдан кейін төлей алатындығын мәлімдейді. Сармановтың айып төлеу туралы талабына Мақанов оған ешбір залалдар келтірмегендігіне сілтеп, айып төлеуден бас тартады.
Жағдайды реттеңіз.
Жауабы: Мақанов шарт бойынша қалған мөлшерін бөліп төлеуге шарт жасасты. Шарт тиісінше орындалмағаны үшін Сарманов сот органдарына жүгінуіне болады. Залал келтірсін келтірмесін ақша сомасын уақыты төлеуге міндетті. Егер тиісінше орындалмаса онда ол айыппұл төлейді, болмаса сот орындаушысына өтеді.
5-есеп.
Қизатова ақшалай қаражат тез арада қажет болғандықтан, өзінің қымбат тастармен безендірілген алтын білезігін ломбардқа кепілге беріп, несие алды. Ломбард білезікті 120 мың теңгеге бағалап, Қизатоваға сол соманың шегінде 100 мың теңге несие берді, несие мерзімі 30 күн және қосымша күту мерзімі тағы да 30 күн белгіленген. Сонымен қатар ереже бойынша Қизатова ломбардқа бекітілген сыйақы ставкасын, яғни алған несие сомасының 0,4 пайызын әр күн үшін төлеу керек болатын (100000х0,4х30 =12000 т.). 30күн өткен соң Қизатова ломбардқа несиенің тек 50 мың теңгесін және 30 күннің сыйақысын қайтарды. Келесі 30 күннен кейін қалған қарызын және сыйақыны төлеп, білезігін алуға келгенде, ломбард оған білезіктің сатылып кеткенін мәлімдейді. Ал Қизатова үшін бұл зат анасынан қалған естелік болғандықтан, ол кепілге берілген затын мерзімінен бұрын сатылғанымен келіспей, кепілзатын нақты қайтаруды талап етеді.
Жағдайды саралап, шешім шығарыңыз.
Жауабы: Азаматтық кодекстің 328 бабына сәйкес Ломбард ол білезікті шарт орындалса да сатып жіберетін болса онда ломбард жауап берге міндетті. Өйткені Қизатова шарт бойынша өзі төлеуге міндетті соманы төледі. Ломбард Шартты бұзып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет