Мифтер жайында қысқаша
Грек және мәдениеті Еуропаның ежелгі өркениеті болып есептеледі. Мәдениет тарихында антикалық әдебиет ерекше орын алады. Ол бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына зор ықпал жасады.
Антикалық әдебиеттің негізін грек және римдік ақын-жазушыларының әдеби мұралары құрайды. Бірақ антик дәуірінің ескерткіштерінің көбі сақталмаған, ал сақталғандардың ішінде бізге толығымен жеткендері аз. Біздің заманымызға дейін жеткен дүниелердің ішінде – Эсхил, Софокл, Еврипидтің шығармалары.
Гректердің мифиологиялық образдар мен сюжеттерді мол пайдалануы грек әдебиетінде алуан жанрлардың тууына негіз болды. Көне дәуірде яғни б.ғ.д. 97 ж. құл иеленушілік пайда болған кезден бастап грек халқының өмірі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Оның әдебиеті туып, өркен жая бастады. Алайда, грек мифологиясы әдебиетінің негізгі арқауы болып қала берді.
Ежелгі грек мифтері ішінара тәңірілік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты құдайлар ұрпағы есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Жерорта теңізі әлемі халықтарының арасында кеңінен тараған бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды.
Advertisements
Достарыңызбен бөлісу: |