Нм-31, шбә Ежелгі грек мифологиясы



бет3/3
Дата12.09.2020
өлшемі24,77 Kb.
#78243
1   2   3
Байланысты:
1тақ. Ежелгі Гре

Зевс

Зевс, Дий (Z e u z) – құдайлар мен адамдардың жаратушысы, олипиялық құдайлар отбасының әміршісі. Грек тілінен аударғанда Зевс есімі – «ашық аспан» деген мағына береді. Ол Кроноспен Реяның ұлы, ол құдайлар ұрпағының үшінші буынына жатады.


Зевс үш ағайындының бірі. Олар: Зевс, Посейдон және Аид. Зевске аспанға, Посейдонға теңізге, Аидке өліктер патшалығына билік құру бұйырған. Патриархат кезеңінде Зевс Олимп тауына шоғырланып, Олипиялық деген атақ алған.

Зевстің әйелдері мен ғашық болған әйелдері:



Әйелдері болған:

  • Метида

  • Фемида

  • Гера ( Зевстің соңғы ресми әйелі).

Ғашық болған әйелдері:

  • Евринома

  • Деметра

  • Мнемозина

  • Лето (Латона)

  • Ио

  • Европа

Грекияның бас құдайы Зевс – бәрінен бұрын найзағай мен күн күркірінің әміршісі. Ол аспан секілді құбылмалы, ол әр минут сайын әр түрлі кейіпке енеді. Ол қар мен жаңбырды жібереді. Зевс – аса құдіретті құдай. Зевске ешбір құдайдың әлі келмес еді, есесіне Зевстің бір өзі барлығына бірдей төтеп бере алады.  Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелері – жай оғымен жайратады-мыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет