Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Күшін жойған


өзге де орталық мемлекеттік органдарының



бет16/25
Дата22.01.2022
өлшемі64,65 Kb.
#129605
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
Нормативтік құқықтық акт ҚР

              өзге де орталық мемлекеттік органдарының
              нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау

      1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында айқындалатын тәртіппен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаға толық сәйкес келетін графикалық форматта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
      2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оларды осындай тіркеуге ұсынған органдар күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жібереді.
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      34-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін,
               әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын
               және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін
               ресми жариялау

      1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында айқындалған тәртіппен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаға толық сәйкес келетін графикалық форматта, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
      2. Мәслихаттардың тіркелген нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің тіркелген нормативтік құқықтық қаулыларының және әкімдердің тіркелген нормативтік құқықтық шешімдерінің елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оларды осындай тіркеуге ұсынған органдар күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жібереді.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      35-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны толық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет