Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Күшін жойған



бет8/25
Дата22.01.2022
өлшемі64,65 Kb.
#129605
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
Нормативтік құқықтық акт ҚР

              әзiрлеушілер

      1. Президент Әкімшілігі, Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар, олармен келісім бойынша ұйымдар және азаматтар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеушілер бола алады.
      Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртібімен дайындалатын заң жобаларының әзірлеушілері Парламент депутаттары болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына оның Әкімшілігі, Үкімет, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ ұйымдар және азаматтар енгізе алады.

      3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органдар өз бастамасымен немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді.

      4. Өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық кеңестер және азаматтар нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге немесе мұндай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беруге құқылы. Уәкілетті органдар оларды өздері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуін және жобалардың қабылдануын орынсыз деп тануы мүмкін.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.11.2015 № 384-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      14-бап. Нормативтiк құқықтық актінің жобасын әзiрлеу
               тәртiбi

      1. Нормативтiк құқықтық актінің жобасын әзiрлеушi уәкiлеттi орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функцияларын атқаратын өз бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлiмшесi қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы мiндеттi.
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.

      2. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулыларының жобаларын, ал қажет болған жағдайда – басқа да уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауға әртүрлi бiлiм салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi тартылуы мүмкiн.

      3. Бiр деңгейдегi уәкiлеттi органдардың заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерінің жобаларын бiрнеше уәкiлеттi орган әзiрлеуі, ал қажет болған жағдайда – қабылдауы мүмкiн.
      Бiрнеше уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерінің жобаларын олар осы Заңда көзделген тәртiппен бiрлесiп әзiрлейдi және олар уәкiлеттi органдардың басшылары қол қоятын бiрлескен бұйрықтар немесе қаулылар түрiнде қабылданады.
      Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерi (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) туынды нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған уәкiлеттi органдардың негiзгi нормативтiк құқықтық актiлерi арқылы бекiтiлiп, онда туынды актiнi қабылдауға арқау болған негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер көрсетiледi.
      Заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердi келiсудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен заңнамалық актінің жобасын әзірлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары заңнамалық актінің жобасын әзірлеуді, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше мерзім белгілемесе, бір ай мерзімде жүзеге асырады.

      5. Мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, егер осы актiлер жалпыға мiндеттi маңызға ие болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi.

      6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi орган нормативтiк құқықтық актінің жобасын дайындауды өзiне ведомстволық бағынысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлiнген бюджет қаражаты мен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, оны дайындауға шарттық негiзде мамандарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, оның iшiнде шетелдiктерге тапсырыс бере алады.

      7. Уәкiлеттi орган нормативтік құқықтық актілердің балама жобаларын дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдарға және ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, бiрнеше ғылыми мекемелерге немесе ғалымдарға тапсыруға құқылы.

      8. Егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсінің, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулысының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын іске асыру үшiн бір деңгейдегі немесе төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажет болса, онда нормативтік құқықтық актiнiң негiзгi түрінің жобасымен бiр мезгiлде көрсетiлген өзгерiстерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге актiлердiң жобалары дайындалуға немесе тиiстi органдарға осындай актiлер дайындау туралы тапсырмалар берiлуге тиiс.

      9. Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылады.
       Заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн
               қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi
               әзiрлеудiң және қабылдаудың ерекшелiктерi

      1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.


      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жоба келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына түсiндiрме жазбада нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзілуіне байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есеп-қисаптың нәтижелерi қамтылуға тиiс.
      2-1. Сараптама қорытындыларын мемлекеттiк органдар белгiлеген мерзiмдерде:
      1) республикалық деңгейде – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктері;
      2) облыстық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері;
      3) қалалық, аудандық деңгейлерде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері ұсынады.
      3. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде мiндеттi қосымша болып табылады.
      Сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
      4. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келiскен кезде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына тиiстi өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгiзедi.
      Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келiспеу себептерiнің негіздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар сараптамалық қорытынды ұсынған және сарапшылық кеңестің мүшесі сарапшылық кеңестің отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
      Бұл ретте сарапшылық кеңестің отырыстары сарапшылық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
      5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс.
      Нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілу тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.
      6. Осы бапта көзделген рәсiмдер жеке кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдаудың мiндеттi шарттары болып табылады.
      7. Жеке кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобалары тиiстi органда немесе сарапшылық кеңестiң отырысында қаралғанға дейiн олар, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға (таратылуға) жатады.
      8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2 және 3-тармақтарында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттiк органдарға жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.
      9. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-1-бап. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен
                 міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық
                 актілерді әзірлеу мен қабылдаудың ерекшеліктері

      1. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу процесіне коммерциялық емес ұйымдарды, азаматтарды тарту мақсатында «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоғамдық кеңестер құрылады.


      2. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобасын тиісті орталық мемлекеттік органдармен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарымен бірлесіп құрылған қоғамдық кеңестерге талқылау және ұсынымдарды тұжырымдау үшін жібереді.
      Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдар беру үшін белгіленетін мерзім Қоғамдық кеңеске келіп түскен кезінен бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
      Ұсынымдар нормативтік-құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде міндетті қосымша болып табылады.
      Ұсынымдар қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
      3. Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіскен кезде нормативтік-құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
      Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган ұсынымдармен келіспеген жағдайда тиісті Қоғамдық кеңеске он жұмыс күні ішінде келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтік-құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
      Ескерту. 3-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.11.2015 № 384-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

       16-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын мүдделi
                мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсу

      1. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда – оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсуге жiберiледi. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қаржы-экономикалық есептеулер қоса беріледі.
      Егер заң жобасында қамтылған құқық нормаларын іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса (егер ондай қажеттілік болмаса, онда ол ілеспе хатта көрсетіледі), заң жобасына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органға ұсынады.

      2. Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобаларын және Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен енгiзетiн заң актiлерiнiң жобаларын қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары мiндеттi түрде келiсiлуге тиiстi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен дайындалған заңнамалық актілердің жобалары, Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіледі.

      4. Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісілуге жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, егер уәкілетті орган өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, – оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісілген жағдайда, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше, неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеген органға хабарлауға тиіс.
      Мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, сондай-ақ оның құзыретіндегі мәселелерге тікелей қатысты болуға, негізделген және түпкілікті болуға, жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс.

      5. Алынған ескертпелер бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын, қажет болған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні әзiрлеген орган пысықтайды, ал жұмыс тобы қабылданған және қабылданбаған ескертпелер туралы, ескертпелердiң қабылданбау себептерi туралы анықтама жазады. Бұл анықтама жұмыс тобын құрған мемлекеттiк органға нормативтiк құқықтық актінің жобасымен бiрге берiледi.

      6. Жұмыс тобын құрған мемлекеттiк орган нормативтік құқықтық актінің жобасына жұмыс тобымен бiрлесiп талқылануға тиiсті өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуi немесе нормативтік құқықтық актінің жобасын жұмыс тобына пысықтауға қайтаруы мүмкiн.

      17-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң реквизиттерi

      Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;

      2) актiнiң нысанын көрсету: Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасының кодексі; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсінің қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; министрдің бұйрығы; орталық мемлекеттік орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; ведомство басшысының бұйрығы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актінің өзге де нысаны;

      3) осы нормативтiк құқықтық актінің реттеу нысанасын бiлдiретiн тақырып;

      4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен жылы, күнi, айы;

      5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;

      6) нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлеттік берiлген адамның немесе адамдардың қолтаңбалары;

      7) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық актiлерде нормативтiк құқықтық актiнiң мемлекеттік тiркелген күнi мен нөмiрiн көрсету;

      8) елтаңбалы мөр.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      18-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы

      1. Нормативтiк құқықтық актiнiң негізгі құрылымдық бөліктері құқық нормаларын қамтитын абзац, бөлік, тармақша, тармақ және бап болып табылады.
      Нормативтік құқықтық актінің бабының, тармағы мен тармақшасының ішінде бөлік – құқықтың қисынды аяқталған, бас әріптен басталатын азат жол арқылы бөлініп көрсетілген жеке нормасы болуы мүмкін.
      Мәтіннің мағыналық жағынан тұтас, бірінші жолда азат жол арқылы бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады.
      Заңнамалық актілер, әдетте, «бап» деген атауы бар баптардан тұрады, олар бөлікті, тармақты, тармақшаны және абзацты қамтуы мүмкін.
      Өзге де нормативтiк құқықтық актiлер олардың атауы «тармақ» деген сөзбен жазылмайтын тармақтардан тұрады, олар тармақшаларды, бөліктерді, абзацтарды қамтуы мүмкін.

      2. Көлемi қомақты нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау – бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемi үлкен тараулар мен бөлімдерде тиісінше параграфтар және кіші бөлімдер бөлiніп көрсетілуі мүмкiн.
      Нормативтік құқықтық актілердегі параграфтар мен кіші бөлімдер тиісінше «параграф» және «кіші бөлім» деген сөздермен белгіленеді.

      3. Кодекс, әдетте, «бөлік» деген сөзбен жазылмайтын бөліктерге бөлінетін баптардан тұрады, олар араб цифрларымен нөмірленеді.

      4. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тармағы, бабы, параграфы, тарауы, кіші бөлімі және бөлімі араб цифрларымен нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары, тараулары, бөлімдері және бөліктері тұтастай нөмірленеді. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбір тарауындағы параграфтар және әрбір бөлімдегі кіші бөлімдер дербес нөмірленеді.

      5. Тармақтардағы тармақшалар және баптардағы тармақтар тиісінше дербес нөмірленеді. Тармақтардағы тармақшалардың нөмірленуі жақшамен жабылған араб цифрларымен мынадай түрде белгіленеді: 1), 2), 3) және одан әрі қарай.

      6. Заңды қабылдаудың мақсаттарын және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кiрiспе бөлiм (кіріспе) берiледi.
      Кiрiспе бөлiм (кіріспе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заң жобаларында жазылмайды.

      7. Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда, онда олардың мәнiн түсiндiретiн бап (тармақ) берiледi. Қазақ тіліндегі нормативтік құқықтық актідегі терминдер мен анықтамалар әліпбилік ретпен орналастырылады. Орыс тіліндегі нормативтiк құқықтық актiдегі терминдер мен анықтамалар қазақ тілінде жазылған ретпен сәйкес келуге тиіс.
      Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актіде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.

      8. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігі тиісті нұсқауларды нормативтік құқықтық актінің мәтінінде құқық нормасының мағынасына нұқсан келтірмей жазу мүмкін болмаған кезде ескертпемен толықтырылуы мүмкін.

      9. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауы, бөлiмі, бөлiгі, сондай-ақ тараудың параграфы мен бөлiмнің кіші бөлiмінің тақырыптары болуға тиiс.
      Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық актілерді қоспағанда, заңнамалық актілер баптарының тақырыптары болуға тиіс.
      Нормативтік құқықтық акт бөліктерінің, бөлімдерінің, кіші бөлімдерінің, тарауларының және параграфтарының тақырыптары алдыңғы мәтіннен – екі, ал келесі мәтіннен бір жоларалық интервалмен бөлінеді.

      10. Кодекстiң құрылымына мазмұн кіреді.

      11. Нормативтік құқықтық актінің құрылымына қосымшалар енгізілуі мүмкін.

      19-бап. Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет