3.2 Құс саңғырығын залалсыздандыру, сақтау және пайдалану Құс өсіретін ірі шаруашылықтарда жыл сайынғы саңғырық қоры 150 мың тоннадан асып, ылғалдылығы 70-75% жетеді. Мұның өзі оны тек қорадан шығару проблемасы ғана емес, сонымен бірге ауа басейніне, су қоймаларын, жарамды жерлерді, жалпы табиғатты ластаудан қорғау пробламасы туындайды. Құс саңғырығы молынан шоғырландырылатын және шапшаң әрекет ететін тыңайтқыш. Оның химиялық құрамы төмендегідей пайыз: кұрғақ заттар 34,5-48,3, күл 14-40, шикі май 2,9-4,5, шикі клечатка 14-25, АЭЗ 46-48%. Жұмыртқалайтын тауық орта есеппен тәулігіне 175-189 г саңғырық, етті тауықтар 246-300 г, 1-4 апталық тауық балапандары – 24 г, 5-9 апталық балапандар – 97 г, 10-22 апталық мерзімдегілер 176 г саңғырық бөліп шығарады.
Құс фабрикаларында қорадағы саңғырық транспортермен, тиегіші бар трактор, автомобильге артылып, көң сақтау қоймаларына жеткізіледі. Саңғырық сыйымдылығы 750-5000 тонналық жартылай бетондалған шұңқыр-ларда залалсыздандырылып, бір жылдай сақталады да, сонан тыңайтқыш ретінде пайдаланады.