3 тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны және еңбекті қорғау Құс фабрикасындағы тіршілік және еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарына және нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді.
3.1 Өндірістік санитария Бройлер балапандарына арналған қораларында таза ауаны механикалық жолмен беріп тұратын табиғи және жасанды желдеткіш болу алдын ала көзделеді. Желдеткіш арқылы келетін ауаның мөлшері құстың тірілей салмағының 1 кг-на балапандар үшін 1,2-1,5 м болуы тиіс, ал ересек құстарға – 5 м, ет үшін бордақыланатын құстарға - 5 м жазда, қыста - 1,5-2 м көлемде болуы керек. Құс қоралары табиғи түрде терезе арқылы желдетіледі, яғни терезе жақтауына кере тартылған матадан ауа кіріп тұрады, мұнда өкпек жел болмауы тиіс.
Бройлерлердің денсаулығы мен өнімділігі көп жағдайда төсеніштің құрамы мен гигиеналық жағдайына байланысты. Төсеніш ретінде ағаш үгінді-лері, майдаланбаған сабан тағы басқа материалдар пайдаланылады. Төсеніш қора ішінде санитарлық гигиеналық жағдайды жақсартады, балапанның астынан сыз өткізбейді. Тері ауруынан және жарақаттандырудан сақтандыра-ды. Төсеніш ылғалды, зиянды газдарды бойына тартып алып, құс қауырсынын ластамайды, жұмсақ болады. Қора ішіндегі ауа ылғалдылығы мен температура төсеніш жағдайына байланысты. Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитариялық шаралар жиынтығы зооантропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды, және жоғарғы сапалы өнім алуды камтама-сыз ету керек.
Қорадағы микроклиматтың бройлер балапандарының организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығымен оның қозғалу жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалық қоспалардың ықпалы арқылы байқалады.Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл балапандардың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді. Бройлерлерге арналған қораларда қолайлы климат болу үшін, оларда ауа температурасының, оның ылғалдылығының, қозғалу шапшаңдығының, ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің, сондай-ақ қораларды, жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқа да жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек. Бройлер балапандарының қораларында ауаның температурасы 16-180С салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 пайыз болуы керек. Қазіргі кезде ауадағы шаңды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның био-логиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер қолда-нылады. Олар: ауа сүзгіштерін қолдану, ионизациялау, қысқа толқынды УК радиацияны қолдану, химиялық зарарсыздандыру. Ауаны зарарсыздандыру үшін (аэразольді тәсіл-мен) қолданылатын препараттар: резерцин, тиатилен-гликоль сүт және янтар-лық қышқылдар.
Құс фермаларында сонымен қатар бройлерлердің азығының сапасына мал дәрігерінің санитариялық бақылауды азық қорын сырттай қарап көру немесе кез-келген мал дәрігерлік лабораторияда санитариялық-гигиеналық және химико-таксопологиялық зерттеу жолымен жүзеге асырылады. Құс шаруашы-лығындағы жұмысшылар арнайы санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік резеңке шұлықтар жатады. Құс фермасындағы бройлер отырғызу арналған еден санитарлық гигиеналық талаптарға сай таза ұсталынуы қажет. Құс қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көмір қышқыл газының көлемімен бағаланылады. Сол себепті санитариялық ереже-лерге сай құс қораларының ауасы таза болуын қамтамасыз ету керек.