Нормативтік сілтемелер



бет23/33
Дата06.02.2022
өлшемі440,98 Kb.
#81124
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
мал ш. 15

Бройлерлерді клеткаларда өсіру. Бройлерлерді еденде өсірумен салыстыр-ғанда клеткада өсіру сол бір алаңның өзіне құсты 2-4 есе артық орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге клеткаларда құстарға қолайлы мал дәрігерлік -санитарлық және зооинженерлік жағдайлар жасау әлдеқайда оңай. Бройлер-лерді клеткаларда өсірудің жағымсыз жағы, төс сүйегі килінің алғы шет жағындағы тері астындағы эксудаттың жиналуының салдарынан ұшаның тауарлық сапасының төмендеп кетуі болып табылады. Алайда, қазіргі уақытта бройлерлерді өсіру мерзімі 49 күнге қысқартылып отырған кезде жоғарыда аталған дертке құс шалдықпайды екен.
Бройлерлер қалың төсеніштен гөрі клеткаларда тез өседі; еті (әсіресе төс еті) шикі протеиннің көп мөлшерімен, ылғал үлесінің аздығымен ерекшеле-неді: кокцидоз және саңғырық арқылы жұғатын басқадай ауруларға шалдығу қаупі азая түседі. Сонымен бірге төсеніш материалдары қажет болмайды, топтардағы кұс саны азаяды. Мұның өзі зооинженерлік және мал дәрігерлік қызмет көрсетуді жеңілдете түседі. Бройлерлерді клеткаларда өсірген кезде энергия шығындары азаяды, соның әсерінен өнімнің 1-кг-на жұмсалатын азық шығыны да төмендейді. Клеткалы контейнерлерде күткен кезде жұмыскерлер құсты сояр алдында ұстау, қораларда тазалау және басқадай еңбекті көп керек ететін процестерден құтылады. Бройлерлер көбінесе қайтадан жабдықталған КБМ-2, КБУ-3, 2Б-3, БГО-140 және Р-15 клеткалы батареяларында, каскадты екі немесе үш қабатты батареяларда немесе батарея-контейнерлерде күтіледі.
Бройлерлер клеткалы батареялардың таңдалған түрін орнатуға болатын кез келген қораларда өсіріледі. Құс қорасының еденінде ағып кететін ылдыйы болуы керек. Құс қорасында желдету мен қорадағы ауаның жылуы бойынша климат сактау қажет. Клеткалы батареялардың барлық қатарлары мен қабат-тарында бірдей температура режимі жасау үшін батарея жанындағы дәлізді бойлай еденнен 10-15 см биіктікте ауа беретін құбыр таратылады.
КБУ-3 типіндегі клеткаларда балапандарды өсірудің алғашқы күндері олар астындағы торға аяқтарын жарақаттамауы үшін жалпақ резинадан немесе полиэтиленнен жасалған төсеніш төсеу керек. Төсеніш 10-15 күн пайдала-нылады, содан соң олар клеткалардан алынып, жуылады, дезинфекцяланып, балапандардың келесі тобы үшін сақталып тұрады.
Резина тесеніштердің орнына тығыз қағаздарды да пайдалануға болады, оларды пайдаланғаннан кейін өртеп жібереді. Клеткалы батареяларда өсірудің алғашқы күндерінде оларға науа сияқты немесе өздігінен тазаланатын деңгейі тұрақты тостаған тәрізді мөлтек суарғыштар қойылады. Өйткені бұл мерзімде балапандар батареяға жабдықталған ниппелді суарғыштарды таба алмайды.
Алғашқы күндері жем салғыштарға арнайы бөлгіштер қойылады, соның арқасында балапандардың жем жеуі жеңілдейді. Балапандар өздерін жақсы сезінуі үшін батареялардың барлық қабаттарында қолайлы микроклимат жасалады. Өйткені клеткалардағы құсқа қажетті температура бар аймаққа бірдей таралу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан клеткалардың барлық кабат-тарында жас мерзіміне қарай теңестірілген температура режимін сақтауды өте қатаң қадағалау керек (22-кесте).
22-кесте. Бройлерлерді клеткаларда және қорада өсірген кездегі температура режимі

Балапандардың жас мерзімі, күндер

Ауаның температурасы, 0С

клеткада

қорада

1-7

32-30

30-28

8-14

30-28

27-25

15-21

27-25

22-20

22-28

24-22

20-18

29-42

21-20

18-16

43-49

20-18

15-14

50-56

18-16

14-13

Бройлерлер күтілетін құс қораларында ауаның салыстырмалы ылғал-дылығы 60-70 пайыз шамасында сақталады. Ылғалдылығы артып (80 пайыздан асқанда), температура көтерілген кезде балапандардың тыныс алуы қиындай түседі. Олардың құты қашып, жемге зауқы соқпайды, ал ылғалдылығы азайған кезде қауырсын құрғақ тартып, сына береді, балапандардың жем жеуі нашарлап, суды көбірек ішеді.
Бройлерлерді клеткаларда өсірген кезде құс қорасындағы ауа алмасуын ерекше қадағалаудың зор мәні бар. Өйткені кұсты тым шоғырландырылып жіберген сәтте зиянды газдар көбірек бөлініп шығады да, оттегіне деген кажеттілік арта түседі. Қорадағы ауаның 1 литріндегі аммиактың шоғырлануы көлемі бойынша 0,01 мл-ден, күкірттегі - 0,001 мл-ден, көміртегі тотығы 0,2 пайыздан артық болмауы тиіс. Ауа режимінің сақталуы тек тасқындата – соратын желдеткішті пайдаланған жағдайда ғана мүмкін болада. Ауаның бір-қалыпты алмасуына бройлерлердің 1 кг тірілей салмағына таза ауаның мына-дай мөлшерін бергенде ғана қол жеткізуге болады: м3/с: қыста 1,8-2,5, жазда 7-10, көктем мен күзде 3-6.
Бройлерлерді клеткаларда күткен кезде жарық сөндірілмейді. Алғашқы екі аптада азықтандырғыштар мен суарғыштар деңгейінде жарық беру жедел-дігі 25 лк, содан соң өсірудің ақырына дейін 5-7 лк.
Отырғызу тығыздығы бройлерлерді өсіру мерзіміне, олардың сойыс кезін-дегі салмағына, сондай-ақ клеткалардың конструкциясы мен азықтандырғыш-тардың орналасуына байланысты болады. Бройлерлерді 49 күндігіне дейін өсіргенде бір балапанға клетка еденінен 245 смалаң бөлінеді. Клетка еденінің 1м2 алаңына 28 балапан әтеш немесе 37-38 ұрғашы балапан отырғызылады.
«Дон» құс комплексінде (Ростов облысы) бройлерлер етін өндірудің жаңа технологиясы жасалынған. Еттік балапандар клеткалы-контейнерлерде өсіріледі. Мұның өзі кешенді бүкіл технологиялық процестерді механикалан-дыруға тұңғыш рет мүмкіндік беріп отыр. Бірегей технологиялық жүйеде азықтандару, суару, микроклиматты автоматты түрде реттеу, саңырықты тазарту сияқты мәселелер шешіледі. Тәуліктік балапандар инкубатордағы клетка-контейнерге тиеледі де, жер астындағы галерея бойынша итермелі конвейерлердің жәрдемімен бройлер-қораларына жөнелтіледі. Көлбеу конвейерлер клеткалы - контейнерлерді жоғарғы этаждарға көтереді; құс қора-сының тоғыз этажының әрқайсысына клеткалы-контейнерлерді тасымал-дайтын итермелі конвейерлер монтаждалған.
Құсты азықтандыру, суару және олардың жағдайларын бақылау үшін клетка-контейнерлер тәулігіне 20-30 минут жем мен судың автоматты дозаторларының қасынан өтеді: саңырық клеткалардың астындағы табандыққа жиналады. Бройлерлерді өсіру кезеңі аяқталғаннан кейін клеткалы-контейнерлер қора этажынан жер астындағы конвейерлерге өтеді де, сою цехына қарай бұрылады: табандықтарды қотаратын арнаулы пункт бар, клеткалы-контейнер оның қасынан өте бере өз жақтауымен төңкеріледі, сөйтіп табандықтардағы саңырық қабылдайтын құрылғыға түсіп қалады, ал табан-дықтар одан әрі жуылуға және дезинфекцияға өтеді.
Сою цехында клеткалы-конвейерді 900 бұрғаннан кейін стационарлық тіреулер есіктерді ашады да, бройлерлер қабылдау транспортерінің лентасына түсіріледі. Құстан босатылғаннан кейін клеткалы конвейерлер жуу және дезинфекция жасау ушін стационарлық жуу машиналарына беріледі де, ыстық ауамен құрғатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет