Бройлерлер өсіретін цех. Бройлерлерді өнеркәсіптік өндіру балапандарды еденде немесе клеткаларда жыл бойына үздіксіз қарқынды жүйемен өсіруге негізделген. Өсірудің кез келген әдісінде будан құстың генетикалық потенциалын толық пайдалану үшін азықтандару мен күтімнің қолайлы жағдайларын жасау қажет. Бройлерлер технологиялық процестерді механикаландырылған, автоматтандырылған жабық қораларда көптеп топтастырыла күтіледі.
Бройлерлерді өсіруге арналған құс қоралары 10,15 және 20 мың балапан бірге орналастырылатын типтік жобалар бойынша салынады. Бройлерлерді қалың төсеніште күткен кезде әдетте бір этажды, ал клеткаларда күткен кезде жақсы термоизоляцияны қамтамасыз ететін материалдардан көп этажды қора-лар салынады. Құс қоралары механикамен тазалауға және дезинфекциялауға ыңғайлы болуы тиіс. Оларға тәуліктік балапандар бір күнде толтырылады да, өсірудің ақырында сойыс цехының өткізу қабілетіне байланысты қора 1-2 күнде босатылады. Бройлерлерді стандартты емес, бірақ арнайы жабдықталған қораларда да өсіруге болады. Мысалы, Германияда («Биндроф» шаруашылы-ғында) жер астындағы бұрынғы тұз шахталарында жыл сайын 1 миллионға жуық бройлерлер өсіріледі. Осының өзінде бұл құрылысқа жұмсалған шығын жер үстіне салынған құс қораларына жұмсалған шығыннан 10 есе аз.
Бройлерлерге арналған қораларда оларды күту әдісі мен құрылыс-тың орналасу орнына карамастан белгілі бір микроклимат сақталады (20-кесте). Бройлерлер қораларына жарық беру қыздыру немесе күн сәулесі түсті жарық беретін лампалардың жәрдемімен жүзеге асырылады. Кейде бройлер-лердің қаныпезерлігін болдырмау үшін қызыл жарық беріледі. Қызыл түсті жарық берудің жеделдігі мен ұзақтығы жалпы қабылданған жарық режиміне сәйкес келеді. Жарықты үзіліспен іске қосып немесе оны сөндіріп тұрғаннан гөрі 24 сағат тұрақты жарық берген кезде күндіз және түнгі мезгілде жарық-тың жеделдігін тәулік бойына ауыстырып отырудың артық екендігі дәлелден-ді. Жем тербелмелі, тізбекті, ленталы-тросты транспортерлермен немесе трубалармен таратылады. Балапандар су ағып тұратын ашық немесе ниппелді суарғыштармен суарылады.
20-кесте. Бройлерлерді өсірген кездегі микроклимат параметрлері